A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері марапатталды

518

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Тәуелсіздік күні атап өтілді. Іс-шараға департамент басшылығымен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Шара барысында департамент бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков жеке құрам қызметкерлерін еліміздің маңызды мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, ҚАЖ саласында лауазымдық міндеттерін адал әрі үздік атқарғаны және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
ҚАЖ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Үш қызметкерге алғыс жарияланды.

— Қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін Алғыс білдіремін. Сіздердің атқарған игі істеріңіз қасиетті Отан алдындағы жауапкершілікті сезінгендеріңіз деп білемін. ҚАЖ қызметінің дамуы үшін еткен еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін!, – деп жүрекжарды тілегін арнады Т.Жәнібеков.

Тиісінше марапат иелері де басшы құрам еңбектерін елеп, мерекемен арнайы құттықтағанына ризашылықтарын жеткізді. Әріптестерін ел үшін ең маңызды мейраммен құттықтап, ел аман, жұрт тыныш болсын ақжарма тілектерін жеткізді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.