A place where you need to follow for what happening in world cup

Сотталған азаматтарды қабылдау күнін өткізді

405

Жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті облыстық прокуратура өкілдерімен бірлесіп, қылмыстық жазаларды орындау барысында туындайтын өзекті мәселелері бойынша қабылдау күнін өткізді.

Облыстық прокуратураның 5-басқармасының прокуроры Ғалым Қонақбаев ашып, жүргізіген шараға өңірлік ҚАЖ департаменті пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы әділет майоры Әділет Ерманов, облыстық полиция департаментінің ОӘК аға инспекторы полиция майоры Нұржан Жаңабаев және «Феникс» сотталғандарды оңалту орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фархат Камардинов, Тараз қалалық сот актілерін орындау аумақтық бөлімінің басшысы Ерлік Кенбаев сондай-ақ облыстық бейімдеу орталығының маманы Айгерім Жұмасаева қатысты.

Бұл күні мамандар уақытқа шектеу қоймай, үміт артып келген пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың барлық арыз-шағым, ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдады. Сотталғандардың мәселелері негізінен, жұмыссыздық, құжаттандыру және басқа да әлеуметтік көмек алу турасында болды.

Мәселенің мән-жайын зейін қойып тыңдаған мамандар жиын соңында шешімін таппаған түйткілді сұрақтар аяқсыз қалмайтынын жиналғандардың назарына салды. Сонымен қатар барлық істердің тыянақты зерттелетінін баса айтты.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.