Мойынқұм ауданында «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында «Бастау» жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Іс шараға аудандық соттың судьясы Б.Далибаев, аудан әкімдігінің АХАТ бөлімінің бас маманы Е.Калымбетова және жас жұбайлар қатысты.
Іс-шара жас жұбайларға отбасы- бұл шағын мемлекет және оны сақтау ерлі-зайыптылардың міндеті екендігін және қоғамның тұрақтылығын сақтауда берік отбасының маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, неке және отбасы құндылықтарын, баланың толыққанды отбасында тәрбиеленуінің маңыздылығын түсіндірді.
Бақытты отбасын құру үшін ең алдымен ортақ жоспар құрып, бірлесе отырып жақсы нәтижеге жету екенін атап кетті.
Іс шара барысында жас жұбайларға неке қию куәліктері табыс етіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Неке-шеберлікті талап ететін іс» атты арнайы ақпараттық брошюралар берілді.