Өткен аптада Жамбыл ауылында көшпелі қоғамдық қабылдау өтіп, онда аудан әкімі Мәден Мұсаев пен бірге аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Ү.Айнақұл, ХҚКО басшысы Б.Көшенов және аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары тұрғындардың талаптарына назар аударды.
Қоғамдық қабылдауға қатысқан мекеме башылары өз кезегінде тиісті заңнамалар аясында түсінік жұмыстарын жүргізді. Жалпы қабылдауға ауыл бойынша 10 азамат келіп, оның біреуіне түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, ал 9 азаматтың сұранысы бақылауға алынды.
Жиында ауыл тұрғындары, еңбек ардагері Т.Қалдарбеков, зейнеткерлер М.Бадықов, Ш.Сқақовтар ауылдың әлеуметтік – экономикалық жағдайына алаңдайтынын бідіріп, Ә.Әжібаев көшесі асфальтталынса, ауыл көшелерін жарықтандырса, жайылымдық жер берілсе, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығын атап өтуге ауданнан қандай көмек болатыны тәрізді сұраныстарын жеткізді.
Сонымен қатар қабылдауда ауыл халқының сұраныстары ғана қабылданып қоймай, өз кәсібін бастаймын деген азаматтарға да кеңестер берілді. Сондай –ақ ауыл тұрғындары М.Оразова, зейнеткер Р.Дүйсенбаева, Қ.Мейманқұлова, А.Төлеулиева, И.Әжітурлиевалар тұрғын үй берілсе, үй салуға жер берілсе, дүкен ашуға, құжаттарын рәсімдеуге көмек сұрады. Ал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Оспанов аудан басшылығына ауыз су мен егін суы мәселесінің шешілгеніне және ашық аспан астында қабылдау өткізіп отырған игілікті ісіне алғысын жеткізді.
Өз кезегінде аудан әкімі М.Мұсаев кейбір мәселелерді сол жерде шешіп, тиісті азаматтарға нақты тапсырма берді. Күрмеуі қиын мәселелердің басшылыққа алынатындығы, ол бойынша алдағы күндері жұмыс жүргізілетіндігі түсіндірілді.
Айта кетерлігі, ашық аспан астындағы көшпелі қоғамдық қабылдау Қылышбай, Ұланбел, Қарабөгет ауылдарында да өтіп, жауапты сала мамандары ауыл тұрғындарының өтініштеріне құлақ асты.