A place where you need to follow for what happening in world cup

Өндірісі өркендеген өңір

269

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 5 ақпанындағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына орай аудан, ауылдық округ әкімдерінің бір жыл аралығында атқарған есептері өндірістік аймақтағы Ақсүйек, Шығанақ, Мыңарал, Ақбақай, Мирный, Хантау ауылдарында өтті.

Аудан, ауылдық округ әкімдерінің есепті баяндамалары аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде алдын ала жарияланғандықтан есеп беру жиындарында ұзақ-сонар баяндама жасалмады. Екі күнде өндірістік аймақтағы ауылдарда алдымен округ әкімдері 2019 жылы округтерде атқарған жұмыстар жайлы кеңінен айтып, алдағы міндеттерге тоқталды. Ал аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев жыл ішінде аудан көлемінде атқарылған ауқымды істерді, ағымдағы жылы атқарылуы жоспарланған жұмыстарды слайд арқылы кеңінен баяндап берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.