A place where you need to follow for what happening in world cup

Бағасы арзан, сапасы жоғары

169

Мойынқұм ауданының орталығында орналасқан «Тұлпар» сауда үйінің алдында ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтті. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шарада азық-түлік бағалары базар бағасынан 10-15 пайыз арзан бағада өткерілді. Шараға аудан әкімі Мәден Мұсаев арнайы келіп, халыққа ұсынылған өнімдердің сапасы мен бағасына назар аударды. Сондай-ақ ол жауапты сала мамандарына азық-түліктің тұрғындарға қол жетімді болуы қажеттігін тапсырды.

Жәрмеңкеде аудандағы Айдарлы, Бірлік, Биназар, Көкжелек, Күшаман, Қылышбай, Қарабөгет, Шығанақ, Мойынқұм ауылдарындағы шаруаларының өнімдері мен «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» аясында Кеңес ауылдық округінде құрылған «Айдарлы  Агро-2019» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің өнімдері тұтынушылар назарына ұсынылды. Атап айтқанда, тұрғындар балық, ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектер және бақша өнімдерін арзан бағада сатып алуға мүмкіндік алды. Оның ішінде әсіресе, Шығанақ ауылынан алып келінген 300 келі балыққа деген сұраныс өте жоғары болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ Айдарлы ауылындағы үй маңына өсірілген өнімдерге де сұраныс аз болмады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.