A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорыққа қарсы департаментің 9 ай қорытындысы талқыланды

129

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 9 айында 12 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша 41 ұсыныс берген
Мысалға, Тараз қаласында тұрғын үй қорынан тұрғынжайды мұқтаждар тiзiмінде белгiленген кезектілік тəртіппен емес, ал қала әкімдігінің қаулысы негізінде сол мұқтаж азаматтардың ішінен қосымша тізімі арқылы беріп келген. Мониторинг қорытындысымен аталған қаулының күші жойылып, ағымдағы жылы пәтерлер мен жатаханаларды 2006-2007 жылдардан кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілді.
Сол сияқты, Жер қатынастары саласына жүргізілген мониторинг қорытындысымен, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастар бөлімімен ұзақ мерзімде пайдаланылмай жүрген Тараз қаласындағы коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылып, сондай-ақ, Жер комиссияларының ережелері бекітілген.
Жастар ресурстық орталықтарына жүргізілген мониторингпен 850 мың тг. заңсыз төленген айлық пен іс-сапар шығындары бюджетке кері қайтарылып, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Бұл туралы департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев 13 қыркүйек күні өткен брифингте мәлімдеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.