A place where you need to follow for what happening in world cup

Ашықтық пен тұрғындарға қолайлы орта жасау жемқорлықпен күресудің бірден-бір механизмі

161

Антикор орталығында өткен баспасөз конференциясында сыбайлас жемқорлықпен күресуде ашықтық пен қызмет алушыларға қолайлы орта қалыптастырдың маңызы айтылды. Осы бағытта Агенттікпен бірнеше жобалар жолға қойылған, атап айтқанда, фронт-офистерді ашу, «Аntikor.Live». «Адал көмек», «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» және «Бизнес және инвестицияны қорғау» жобасы.
Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстың бірі, ол облыс әкімдігі және «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен ашылып жатқан «Сервистік әкімдіктерді» айтуға болады. Қазіргі таңда, өңірде 10 сервистік әкімдік ашылып, қызметкерлер бір орынға шоғырланып азаматтарға қызмет көрсетуде. Ендігі кезекте тек Жамбыл және Жуалы аудандарында ғана ашылу қалды.
Ал, «Adal komek» жобасы аясында онлайн форматта 140 спикердің қатысуымен 86 тікелей эфир ұйымдастырып, 80 мыңнан астам қаралым жиналды. Жоба аясында облысқа танымал адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар, заңгер-кеңесшілер құқықтық кеңес берсе және мекеме басшылары субсидия, несие, грант, әлеуметтік көмек сияқыт мемлекеттік қолдаулар туралы тақырыптарды қамтыды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.