Елімізде вирусты инфекцияның таралуына байланысты халықтың денсаулығын ойлап, сақтауға жеке кәсіпкерлерде өз көмектерін көрсетуде.
Кеше аудандық орталық ауруханасына «Жігер — 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Байбосынов Елікбай 1 дана оттегі концентраторы, 1дана термометр және 1 дана қан қысымын өлшейтін құралдарды (Пульсооксиметр) табыс етті.
Онымен қоса Тараз қаласында тағы бір ауруханаға осындай оттегі концентраторынның 15 данасын табыс еткен екен.
Қабылдау шарасына аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасарлары Тұрсынкүл Рыстанбаева мен Бота Әбішова қатысты.
Аталмыш мердігер ауданымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Айдарлы ауылында 3 көшеге және Мойынқұм ауылындағы 13 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн.»
«Қолы ашықтың – жолы ашық» демекші аудан тұрғындары кәсіпкер Елікбайға өз ризашылықтарын білдіріп, оның алдағы жұмысына тек табыс тіледі.
Қуаныш КӨБЕНҒАРЕВ,
Мойынқұм ауданы
Суретті түсірген автор.