A place where you need to follow for what happening in world cup

Құрдастар көмегі баршаға үлгі

268

Халқымыздың бағзыдан бері келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі —  асар. Асар ұғымының өзі көмек қолын созу мақсатын білдіреді. Мысал келтіретін болсақ егіншілік, үй тұрғызу, қора қопсы салу секілді жұмыстарды  ағайын болып, ру болып, тайпа болып  көмек қолдарын ұсынған.

Осындай ұмыт болып қалған игі дәстүрді Күшамандық 1976 жылғы туған азматтар  қолға алған. Олар өздерінің құрдастары, көпбалалы әке Таңат Ордабаев өз қолымен үй тұрғызып, шатырын жауып, енді ішкі жұмыстарын жасаймын деп отырған шағында қатты желдің салдары үйдің шатырын ұшырып  кетеді. Барлық қаражаты үнемдеп салған азаматқа табиғаттың оқыс мінезі қатты әсер етеді. Қысылған шағында құрдастары жанынан табылып, туған туыстары барынша қолдау білдіріп, асарлатып шатырын жабуға ат салысты.

Ортадан қаражат жинап, барлық құрылыс заттарын жаңадан әкеліп өздері жабыла шатырын жапты. Игілікті істің ерекшелігі  ауылдың атқа мінер азматтары емес, құрдастардың иманды тіршілігі. «Жабыла көтерген, жүк жеңіл» демекші құрдастар  үйдің шатырын 4 күнде жауып  бітірді.

– Таңатпен бірге оқып, бірге жүрген құрдаспыз.Ол мектеп кезінен тұйық, әңгімесі аз, өте ақкөңіл азамат. Өзі ауылда егіншлікпен айналысып,өз нәсібін тауып жүр.Тыңдырымды тіршілігін ауылдықтар біледі.Өзі айтпасада сыртынан бақылап жүретінмін. Үйінің шатырын жел көтеріп кетті дегенді естіп, өзімен тілдестім. Сөйтсем құрдасым өзім жабам әуре болмаңдар деп қарсылық көрсетті. Содан соң барлық құрдастарды жинап, өзіміздостық пейілімізді көрсеттік. Қиналған шағында көмектеспесек достығымызға сын түсерін айтып түсіндірдік- дейді жанашыр құрдасы Мейірбек Шынжарбеков.

Алты баланың әкесі Таңат Ордабаевта құрдастары мен туған -туыстардың, ерекше пейілдеріне және тигізген көмектеріне алғысын білдіруде.

 

Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,

Мойынқұм ауданы.

Суретті түсірген автор.

Күшаман ауылы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.