A place where you need to follow for what happening in world cup

Бір ай уақыт берілді

151

      Осы аптада аудан әкімі Мәден Мұсаевтың төрағалығымен аудан әкімі аппаратының кезекті отырысы өтті. Оған аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Исабеков, аудан әкімінің орынбасарлары Б.Қалымбетов, А.Нәметқұлов, С.Төлегенов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аппарат қызметкерлері, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.

     Аппарат кеңесінің отырысы басталар алдында аудан әкімі аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Исабековке, білім саласының ардагері Ш.Оспановаға, аудандық аурухананың дәрігері А.Иманқұловаға, аудандық «Мойынқұм таңы» газеті бас редакторының орынбасары Ж.Дәметовке, аудандық электр тоғын тарату жүйесінің бас инженері С.Оспановқа  «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалін тапсырды.

      Кеңесте «Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың Мойынқұм ауданының әкімін қабылдауында берілген тапсырмаларды орындау бойынша іс-шаралар жоспары», «Аудандағы спорт нысандарының бүгінгі жай-күйі және оларды теңгерімге алу мәселесі туралы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының орындалу барысы туралы», «Жылыту маусымына дайындық барысы туралы», «Көшпелі қоғамдық қабылдау кезінде көтерілген мәселелер мен айтылған сын-ескертпелер туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауын (1 қыркүйек 2020 жыл) түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» ұсынылды.

     Аудан әкімі облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қабылдауында берілген тапсырмалар мен айтылған пікірлерді кеңеске қатысушыларға айтып берді.

     Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша атқарған жұмыстары туралы алдын ала тапсырылған бөлім баянхатымен жіті танысқан аудан басшысы бөлім жұмысына қанағаттанбайтындығын атап өтіп, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Қалдыбековке соңғы жылдары салынған спорт нысандарының құжатын  жасаттыруға 1 ай мерзім беріп, оны бақылауды орынбасары А.Нәметқұловқа тапсырды.

     Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Қалымбетова хабарлама жасады. Ал жылыту маусымына дайындық барысы туралы аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Исақов баяндады. Осы мәселеге орай білім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары Ж.Жазықбаев пен М.Мұқашев толықтырулар енгізді.

      Кеңесте қаралған мәселелер бойынша анықталған кемшіліктерді жоюды тиісті бөлімдерге, оны бақылауды орынбасарлары А.Нәметқұлов пен С.Төлегеновке жүктеді.

Ж. СЕЙІЛХАНҰЛЫ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.