A place where you need to follow for what happening in world cup

Жәрмеңкеге қатысушылар көп болды

128

Жақында аудан орталығында орналасқан «Тұлпар» сауда үйінің алаңында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өткізілді. Мұнда азық-түлік бағалары базар бағасынан 10-15 пайыз арзан бағада сатылды.

Бұл шараға Айдарлы, Бірлік, Биназар, Көкжелек, Күшаман, Қылышбай, Қарабөгет, Шығанақ, Мойынқұм ауылдары шаруаларының өнімдері мен «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» аясында Кеңес ауылдық округінде құрылған «Айдарлы  Агро-2019» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің өнімдері сатылымға шығарылды. Мұнда шаруалар балық, ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектер және бақша өнімдерін халыққа арзан бағада ұсынды. Бұлардың арасында әсіресе, Шығанақ ауылынан әкелінген 300 келі балыққа деген сұраныс өте жоғары болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ Айдарлы ауылындағы үй маңына өсірілген өнімдерге де сұраныс аз болмады.

Жәрмеңкені аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев аралап, халыққа ұсынылған өнімдердің сапасы мен бағасының қол жетімділігін қарап шықты.

Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА,

Мойынқұм ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.