A place where you need to follow for what happening in world cup

Түзеу мекемесіне есірткі мен ұялы телефон лақтырған азамат ұсталды

207

Таразда қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінің сыртқы қоршауынан тыйым салынған зат лақтырған азамат құрықталды. Оқиға жергілікті уақытпен 03:00 шамасында орын алған.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесі қызметкерлерінің жедел ақпараты негізінде, түзеу мекемесіндегі гипс зауытының аумағынан 2000 жылы туылған күдікті азамат ұсталды. Сондай-ақ, дәл осы сәтте Е. Ниетқалиев көшесінің бойындағы асхананың маңында жеңіл автокөлік мінген 1996 жылғы азамат құрықталып, оның заңды бұзған азаматты күтіп отырғандығы анықталды.

Ұсталған 2000 жылы туылған азаматты тексеру барысында оның түзеу мекемесінің сыртқы қоршауы арқылы жапсырмамен маталған 3 ораманы лақтырғаны белгілі болды. Орамадан жасыл түсті өсімдік тектес зат тәркіленді. Бұдан бөлек, оның түзеу мекемесінің №4 учаскесіне жапсырмамен маталған 2 ораманы лақтырғаны да анықталған. Тыйым салынған заттарды тексеру барысында 20 пластинка «Трамадол» және «Fly» маркалы сенсорлы телефоны тәркіленді.

Айта кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қызметкерлердің қызметіне кедергі келтіретін азаматтық тұлғаларды анықтау және оларды ұстау кезінде жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.