A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараз көшелерінде арық су жүргізу жүйеленеді

196

Бүгін Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев облыс басшысының алдында қаладағы экономикалық-әлеуметтік ахуал жайында есеп берді. Ресми жиын барысында қала басшысы бір жарым ай бұрын облыс тарапынан берілген тапсырмалардың орындалып жатқанын мәлімдеді.
«Науаларды орнату бойынша бір жарым ай бұрын берілген тапсырма қазргі уақытта орындалып, күрмеуі бар мәселелердің де шешіліп жатыр. Тараз қаласында көше бойынша орнатуға арналған науаларды дайындайтын орындардың жоқтығына байланысты бұл жабдықтар Шымкент қаласынан жеткізіліп жатыр. Қазір көше бойына жиналған науалардың барлығы дерлік арықтарға орналастырылған», — деді А.Қарабалаев.
Қала әкімінің ақпаратына сәйкес, Тараз арықтарының науаларын жаңғыртуға жасыл желектің де кедергі келтіріп жатқан жайы бар.
«Бұған дейін қаланың ирригация жүйесін қамтамасыз ететін науалардың тозығы жетіп, су жүретін құбырлардың аузы бітелгенін де ескеру керек. Сол себепті, Тараз көшелерінде арық суының жүруі кей аудандарда тоқтап қалған. Осындай жағдай Т.Рысқұлов пен Қ.Тұрысов көшелерінің қиылысында орын алған. Көше бойына науаларды орнату барысында ағаштарға зиян келтірмеуге назар аударылып жатыр. Арық бойындағы ағаштардың ретсіз егілуі қазір науаларды орналастыруға кедергі келтіріп тұр. Алайда, біз оларды кеспеу жолдарын қарастырудамыз», — деді қала басшысы.
А.Қарабалаев науаларды жаңғырту жүйелі түрде жүзеге асырылып, елдегі ең жасыл қала саналатын Тараздың арықтарында су жүргізу мәселесі өз шешімін тауып жатқанын айтты.
А.Қарабалаевтың бұл мәлімдемесі аталған мәселелерге бақылау жүргізуші басқарма басшыларының өз салалары бойынша жасалған баяндамаларымен сәйкестік тапқанын айта кету керек.

«Бұған дейін қаланың ирригация жүйесін қамтамасыз ететін науалардың тозығы жетіп, су жүретін құбырлардың аузы бітелгенін де ескеру керек. Сол себепті, Тараз көшелерінде арық суының жүруі кей аудандарда тоқтап қалған. Осындай жағдай Т.Рысқұлов пен Қ.Тұрысов көшелерінің қиылысында орын алған. Көше бойына науаларды орнату барысында ағаштарға зиян келтірмеуге назар аударылып жатыр. Арық бойындағы ағаштардың ретсіз егілуі қазір науаларды орналастыруға кедергі келтіріп тұр. Алайда, біз оларды кеспеу жолдарын қарастырудамыз», — деді қала басшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.