A place where you need to follow for what happening in world cup

Тарихи-өлкетану музейінде барды

211

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы төраға Е.М.Дүйсенбаевтың жетекшілігімен Тараз қаласындағы тарихи-өлкетанумузейінде болып қайтты.
Іс-шараның басты мақсаты рухани-мәдени білімді жаңғырту, туған жерге деген сүйіспеншілікті дарыту, өлкенің терең тарихын жете танып білуге құштарлықты арттыру болып табылады.
Экскурсовод сот ұжымына өткен жылдан бастап Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Ежелгі Тараз» тарихи – этномәдени кешенінің аумағында орналасқанын түсіндіріп өтті. Мұрағатта сақталған құжаттарға сай, тарихи — өлкетану мұражайы Әулие-ата қаласында 1931 жылы пайда болып, ал 40-жылдардың соңында аталған мұражай облыстық мәртебеге ие болған.
Мұражай қорында 65 мыңнан астам бірегей және құнды жәдігерлер сақталуда. Бұл тарихи, археологиялық коллекциялар, тұрмыстық заттар, монеталар, қолжазбалар, баспа құжаттары және т. б. құрайды.
Экскурсия соныңда бізді қоршаған ортаның осы қалыпта бізге жетуінің өзі өткен шаққа байланысты деген тұжырымға келгендігі жөнінде ювеналыды соттың бас маманы Жасулан Шыршықбаев айтып өтті.

Арман Болат

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.