A place where you need to follow for what happening in world cup

Арнайы топ мүшелері қоғамдық қабылдаулар өткізбек

151

Ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жобасының аясында құрылған жұмыс топтарының Қордай ауданындағы сапарлары жалғасуда. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік мәселелер мен ауыл шаруашылығы мәселелерін, діни аспектілер мен қауіпсіздікті зерделеу секілді бағыттар бойынша ауданымызға осыған дейін төрт топ келгенін жазған болатынбыз.
Топ мүшелері ауданның барлық ауылдық округтерінде болып, жергілікті халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігін және оларды қандай мәселелер толғандыратынына зерделеу жұмыстарын жүргізген еді. Ал, өткен дүйсенбіде Қордайға Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұловтың бастауымен кезекті топ келді. Топ мүшелері алдымен аудандық әкімдікте кездесу өткізіп, жиынға аудан басшысы Рүстем Дәулет қатысты. Қоғамдық келісім мәселесіне басымдық беретін топ мүшелері жиын барысында өздерінің жоспарларымен бөлісті. Аудан басшысы Рүстем Дәулет жауапты миссияны арқалап келген жандарға сәттілік тілеп, аталмыш мәселенің қазіргі таңда өте өзекті екенін атап өтіп, аудан бойынша да қолға алынып жатқан шаралар жайында айтып өтті. Кездесуде сөз алған Дауыл Бейсенқұлов қордайлықтардың қонақжайлылығына ризашылығын білдіріп, бұл мәселе Мемлекет басшысы мен облыс басшылығының жіті назарында екенін жеткізді.
«Ұлтаралық келісім, ұлтаралық татулық көптеген жылдар бойы еліміздің тұрақты дамуының кепілі болып табылады және бұл игі дәстүр келешекте жалғасын табуы керек. Жоба шеңберінде біз өзге ұлт өкілдері шоғырланған ауылдарда кездесулер өткізіп, қазақ тілін меңгеруге ниеттенген жандармен сұхбаттаспақпыз, сонымен бірге, этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесулер ұйымдастырып, «Біз біргеміз» атты этнотимбилдинг өткізу, тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқарма тарапынан әзірленген мемлекеттік тілді өз бетімен меңгеруді қамтамасыз ететін «QazOnline» мобильдік қосымшамен таныстыруды жоспарлап отырмыз. Жастар арасында «Ұлтаралық татулық – басты құндылығымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел, Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселесі бойынша тұрғындармен кездесу, «Отбасылық құндылықтар қоғамдық келісім мен бірлік негізі» тақырыбында этномәдени орталықтар жанында құрылған аналар кеңесінің активімен кездесу, латын қарпіне көшу бойынша брифинг, дүнген және қазақ халқының өкілдерімен кездесу, белгілі спортшылармен, спорт ардагерлерімен кездесулер, Қордай ауданында этносаралық қатынас бойынша әлеуметтік мониторинг жүргізу сынды жұмыстарды атқаратын боламыз», — деді Дауыл Ынтықбайұлы.
Осылармен бірге топ мүшелері аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің отырысына қатысып, одан кейін қоғамдық қабылдаулар өткізуді де жоспарлап қойған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.