A place where you need to follow for what happening in world cup

Шекарашылар 522 мың қорап темекі тәркіледі

142

Қазақстандық шекарашылар Қазақстан Республикасы аумағына темекі өнімдерін заңсыз әкелу фактісінің кезекті рет жолын кесті.
«Сыпатай батыр» өткізу пунктінде Жамбыл облысы бойынша МКД ЭҚБ қызметкерлерімен бірлесіп тексеру барысында кептірілген жемістерді тасымалдайтын жүк автокөлігінде жасырылған акциздік маркаларсыз және тауарға ілеспе құжаттары жоқ 522 000 қорап темекі бұйымдарын анықтады (тауардың нарықтық құны 150 млн. теңгеден асады).
Заңсыз тауар процессуалдық бағалау үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.