Жуырда Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарайтын ЖД-158/5 мекемесінен сотталған азаматтың арызы және мекеменің ұсынуы бойынша ҚР ҚК-нің 73 бабына сәйкес жазаның өтелмеген бөлігінің неғұрлым жеңіл түрі, яғни айыппұл түрімен босатылған 1970 жылғы азамат ҚР ҚАК-нің 166 бабына сәйкес Тараз қаласында орналасқан өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендірілуге арналған бейімдеу орталығына орналастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – түзеу мекемесінен босатылған азаматтарды қоғамға бейімдеу, оларға әлеуметік-құқықтық, медициналық және өзгеде көмек алу болып табылады.
Руслан БАЛЫҚБАЕВ,
ЖД-158/5 мекемесінің
БСЕжТО бойынша аға инспекторы
әділет лейтенанты