A place where you need to follow for what happening in world cup

Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынды

217

Қордай ауданында коронавирус індетінің алдын алу, аудан аумағында таратпау мақсатында арнайы мамандардан құралған мониторингтік топ күні-түні түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы мақсатта 7 шілде күні аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов бастаған, құрамында аудандық полиция бөлімінің кызметкерлері, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары мен БАҚ өкілдері бар арнайы топ рейд Қордай ауылында түні бойы рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд жұмыстарының нәтижесінде Домалақ ана көшесінің бойынша «Березка» моншасының жұмыс істеп жатқандығы анықталып, аудандық полиция қызметкерлері тарапынан хаттама толтырылса, карантин режимін сақтамай қоғамдық орынға келген аудан тұрғынына айыппұл салынды. Сонымен қатар, бірнеше мәрте ескерту алған «Рай Сай» кафесінің әкімшілігімен тағы бір мәрте түсіндіру шаралары жүргізілді. Мобильді топ мүшелері түнгі 22.00 ден кейін көшеде жүрген тұрғындарға да санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы 3-7 шілде аралығында 3 нысан иелеріне айыппұл салынып, 10-нан астам кәсіпкерлерге қатаң ескертулер берілді.
Аудандағы эпидемиологиялық ахуал әзірге күрделі екендігін ескеріп, барша аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.