A place where you need to follow for what happening in world cup

Сот жүйесіндегі жұмыс жүйелі

615

Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Низамиддин Жамашовтың қатысуымен ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар жөнінде брифинг өтті.
Облыстық Арай газетінің тілшісі Шынболат Сейдуалиевпен онлайн арқылы өткен брифингте сот төрағасы сот өндірісіне келіп түскен қылмыстық істердің жалпы саны, сот өндірісіндегі, аяқталған істер бойынша, оның ішінде судьяларға шаққанда қаншасы үкіммен, қаулымен, қайта тергеуге жолданған, ақыл-есі дұрыс еместер бойынша салыстырмалы мәліметтерге кеңінен тоқталды. Жалпы Низамиддин Қазыбайұлының айтуынша, тараптардың татауласуына байланысты сотқа дейінгі процесс барысында жыл басынан бері 58 тұлға бойынша қылмыстық іс қысқартылған болса,
2019 жылы 61 тұлға бойынша қылмыстық іс қысқартылыпты. Сондай-ақ есепті мерзімде сотталған 292 тұлғаның ішінде айыппұл түріндегі жаза 57 тұлғаға тағайындалған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 33 672 981 теңге, өз еркімен төленген айыппұл сомасы — 24 874 839 теңге, төленуге тиісті айыппұл сомасы 8 642 862 теңге екен.
— Осы жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 13 тұлға сотты болған, оның ішінде 7 сотталушыға айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 31 220 280 теңге, оның -24 308 750 теңге орындалған, 6 911 530 теңге көлеміндегі айыппұл орындалмады. Аталған үкім заңды күшіне енбеген.
2020 жылдың 15 наурызынан бастап төтенше жағадай жариялануына байланысты, істер мен ҚР ҚПК-нің 476 бабы бойынша қаралатын материалдар қашықтықтан қаралуда. Бүгінгі таңда 195 іс, 1073 материал қашықтықтан қаралды, — деген Н.Жамашов алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.