A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараздық тұрғын түрмеге заңсыз затты лақтыру үстінде қолға түсті

177

Тараздағы түзеу мекемелерінің біріне белгісіз затты лақтырмақ болған азамат қолға түсті. Заңбұзушылық ЖД-158/7 мекемесінде бүгін орын алған. Түстер шамасында абақты маңайын торуылдап жүрген күдікті көзге ілінді. Жедел-режим топтары бақылауды күшейтіп, қажетті іс-әрекетке кіріседі. Амалын асырғысы келген азамат көп ұзамай биік қоршауды асырып беймәлім затты ішкі күзет аумағына лақтырды. Жапсырмамен маталған түйіншек өндірістік аумаққа бағытталған. Ішінде қос бірдей ұялы телефон бар екіндігі анықталған. Бұзақы оқиға орнында құрықталса, әккі ісі толықтай бейнебақылауға түсіп қалған.
Жазасын өтеуші сотталғанға жасырын түрде көмектесіп, қатаң тиым салынған дүниелерді ішкі түрме аумағына алып өтпек болған 31 жасар Тараз қаласының тұрғыны екен. Бұған дейін істі болмаған М.Д атты ер-азамат Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің талаптарына кереғар әрекеті үшін 481 бапқа сәйкес жазасын тартатын болады. Қазіргі таңда іс сотқа жолдану мақсатында қажетті құжаттар рәсімделу үстінде. Ал ұялы байланыс құралдары бағытталған жазасын өтеуші сотталғанда анықталып, қылмыстық-атқару жүйесінің кодексіне сай тиісті жазасын тартатын болады.

Гаухар Рысбай,
ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.