A place where you need to follow for what happening in world cup

Тергеу изоляторынан тыйым салынған заттар тәркіленді

158

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесі қызметкерлерінің қырағы және тиімді жұмысының арқасында тыйым салынған заттар тәркіленді.
1965 жылы туылған тараз тұрғыны азық-түлік арқылы тергеу абақтысындағы туған баласына «жақсылық» жасамақшы болған. Сәлем-сауқатты тексеру барысында «Фаст» маркалы 5 қорап темекі және «Пиала» маркалы шайға жасырылған 3 пакеттен арнайы құрғатылған өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.
Қазіргі таңда тыйым салынған заттар тиісті органдарға беріліп, тиісті қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Әсел Ильясова,
ЖД-158/1 мекемесі жедел бөлімінің аға жедел уәкілі, әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.