A place where you need to follow for what happening in world cup

Ата кәсіп – ұрпаққа нәсіп

873

Мемлекет қамқорлығынан қолдау тауып, ісін кәсіп көзіне айналдырған мәдімарлық Асхат Шарипбаевтің тірлігі көпке үлгі боларлықтай.М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Ақпараттық технологиялар» факультетін бітірісімен «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курстарына қатысып, бизнестің қыр-сырына қанығады. Бизнес-жобасын сәтті қорғаған ол 7 жылға 6 пайызбен 3,5 млн. теңгеге қол жеткізіп, Кеңес ауылындағы «Құмбел» шаруа қожалығынан 7 бас аналық жылқы сатып алып, қалған қаражатты жем-шөпке жұмсайды.- “Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек”. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов осы бір сөзінің маңызы бүгін арта түскендей.Төрт түліктің ішінде жылқы малын күтіп, баптауға құмармын. Берекелі кәсіпті таңдап алғаныма өкінбеймін. Мал шаруашылығын дамытуға мемлекет басымдық беріп отырған кезде мүмкіндікті тиімді пайдала білу — өнер. Тек кәсіптің тетігін тауып, ерінбей еңбек етуге әрекет жасасаң болғаны. Атакәсіпті арқау етіп, жылқы малын баптап, төлі есебінен көбейтуді жөн көрдім, — дейді жас кәсіпкер.Маңдай терін төгіп, адал еңбек етудің арқасында Асхаттың ісі алға басып келеді. Жылқылары төлдеп, көбеюде. «Мал — баққанға бітеді» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырған кәсіпкер алдағы уақытта саумал және қымыз өнімдерін тұтынушыға ұсынуды көздеп отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.