Аудан әкімінің орынбасары А.Жабағы басшылығымен мобильдік топ бірнеше нысандардағы санитарлық талаптардың сақталуын зерделеді. Мобильдік топ мүшелері стихиялық сауда орындарының орын алмауына да мән берді. Дәріханалардағы бағаның өсіміне жол бермеу тапсырылды. Осы орайда аудан тұрғындарына дәрі-дәрмек сатып алу кезінде чек талап етулеріңізді сұранамыз.