A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұмда 8 ауылда асарлатып үй салынуда

202

Асар ұғымын қазіргі таңда көпшілігіміз қолданып та біліп те жүрген жоқпыз. Қазақ атамыз «Көп түкірсе көл», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Бірлік түбі тірлік» деп, елдің бірігуі арқылы кезінде атамыз қазақ мұқтаж жандарға көмек көрсеткен.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасымен аудандарда «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған болатын. Осы жоба аясында Мойынқұм ауданында 8 елді-мекенде атап айтсақ Кеңес, Биназар, Бірлік, Күшаман, Жамбыл, Шығанақ, Қарабөгет, Ұланбел ауылдарында ауыл қариялары мен ауыл жастары және еріктілерінің қолдау және демеушілік жасауымен көмекке мұқтаж, жағдайы төмен немесе көпбалалы үйсіз отбасыларға 1 тұрғын үйді қазақтың ежелгі салтында бар асарлатып үй салып беруді қолға алған болатын.
Бүгін осы жоба аясында аталған 8 ауылдың бірі Қарабөгет ауылдық округіне қарасты Құмөзек ауылының тұрғындары мен ерікті жастары ауылдың 1 көмекке мұқтаж жанұяға асарлатып үй салуды бастап, қажетті құмы мен тасын түсіріп, үйдің фундаменті орнын қазуды бастады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.