A place where you need to follow for what happening in world cup

Мекеме аумағына тиым салынған зат лақтырмақ болған

242

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесіне тиісті аумақта 1993 жылы туған Жамбыл облысынын М. есімді азаматы қолға түсті. Күдіктіні мекеменің жедел режим бөлімінің қызметкері №5513 әскери бөлімінің №6, №7 постының кезекшісімен бірге құрықтаған.

Ұсталған азаматтан 1 дана пластик шөлмек табылған. Шөлмекті тексеру барысында ішінде 1 дана ұялы телефон бары анықталған. Атап айтканда, 1дана ZTE ұялы телефоны болған. Тексеру барысында азамат М. аталған тиым салынған затты лақтыру арқылы мекеме аумағына жеткізужі көздегенін мойындады. Ол бұл іске ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан танысының өтінішімен барғанын жеткізді.

Аталған дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодексінің 481-бабы 1-бөлігі бойынша материал сотқа жіберілді. Тараз қалалық әкімшілік сотының қаулысымен М. есімді азаматқа 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынды. Жоғарыда аталған ұялы телефон №2 Тараз қалалық әкімшілік-құқықтық сотының шешімімен Жамбыл облысы Әділет департаментіне мемлекеттік кіріске өткізілді.

Д. Қуаныш,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесі Режим бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі, әділет лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.