A place where you need to follow for what happening in world cup

Әулиеата өңірі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша үздіктер қатарында

284

Жамбыл облысы 2019 жылы атқарылған жұмыстар негізінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша республика көлемінде үздіктер қатарына енді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин хабарлады.

– Ел экономикасының дамуында әр өңір маңызды рөл ойнайды. Осылайша, 2019 жылдың қорытындысына сәйкес, 7 көрсеткіш бойынша 8 өңірде – Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша өсудің қарқынды нәтижесін көрсетіп отыр, – деді Үкімет басшысы.

Ал, басым көрсеткіштер бойынша төмен көрсеткіш көрсеткендер қатарында Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары бар.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.