A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында көпбейінді аурухана құрылады

292

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында баяндама жасаған Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына тоқталып өтті.

Өз сөзінде Үкімет басшысы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында денсаулық сақтау мен білім беру салаларында сапалы және қолжетімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қолға алынатынын жеткізді.

«2026 жылға дейін еліміздің аймақтарында 19 ірі, заманауи медициналық орталықтар құрылады. Оларға жеке капитал тарту арқылы 1,2 трлн. теңгеден астам қаражат тартылмақ» – деген А. Мамин Жамбыл облысында Европалық жаңғырту және даму банкімен бірлесе отырып мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында көпбейінді аурухана құру ісі жүзеге асатынын атап өтті.

Мұндай жұмыс, Әулиеата өңірінен бөлек, Ақмола, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында қолға алынбақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.