A place where you need to follow for what happening in world cup

«Ауыл — ел бесігі» жобасы ауылдардың ажарын ашады

157

Ауыл – Қазақ Елінің жүрегі. Темірқазығы. Ауыл – қазақтың қасиетті құт мекені, қайнар көз, алтын бесігі. Киелі қазақ даласы ғасырлар бойы халықтың өзегін талдырмады. Өсіп-өнуіне мүмкіндік берді.
Бүгінде өркениетті ел болып, даму жолын қаладан тапқанымызбен, ауылдың алар орны ерекше.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтты.
Осы мақсатта Елбасы «Ауыл — ел бесігі» жобасының басталғанын жариялаған еді. «Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл — ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті», — деді Мемлекет басшысы.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.
Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.
Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс өресін көтеру үшін қолға алынған «Ауыл — ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба аясында ауылдарды дамытуға бағытталған нақты істер қолға алынуда.
Қазіргі таңда ауылдық жерлерде шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелер бар.
Бұл ретте, «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру тетіктері келесі шараларды қамтиды. Бірінші кезекте тірек ауылдық елді мекендер іріктелді, бұл ретте олардың даму әлеуетіне және қазіргі экономикалық жағдайына талдау жасау негізінде, осы ауылдарда іске асырылатын жобалар қоса қамтылатын болады.
Республикалық бюджеттен өңірлер бойынша қаражат бөлу даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерде тұратын ауыл тұрғындарының санының негізінде жүзеге асырылды.
Еліміздің барлық өңірлерінде ауыл инфрақұрылымын кең ауқымды жаңғырту басталады. Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес Жамбыл облысы Сарысу ауданы бойынша «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында Саудакент және Жайылма елді мекендері — тірек елді мекендер ретінде, Жаңаталап, Ұйым, Игілік, Өндіріс, Қызылдихан, Маятас, Ақтам, Әбілда елді мекендері спутниктік елді мекендер ретінде айқындалып, іріктеліп алынды.
2020 жылдың бюджетіне I-ші траншпен «Ақбота» балабақшасы ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 234,7 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары облыстық энергетика басқармасы арқылы жүргізілді, қорытындысы шықты – жеңімпаз «Ернұр» ЖШС-гі, келісім шарт жасалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Республикалық бюджетті нақтылау барысында II-ші траншпен Саудакент елді мекеніндегі 22 негізгі көшенің жол жабындыларын орта жөндеуден өткізу жұмыстарына – 334,3 млн.теңге(оның ішінде 4 коше жарықтандыруымен қоса), Ұйым ауылындағы Мұратбаев көшесін орта жөндеуден жүргізуге -13,3 млн.теңге, Саудакенттегі спорт кешені құрылысына – 260,9 млн.теңге, Жанаталап орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына – 79,9 млн.теңге, барлығы 688,4 млн.теңге қаржысы бөлінді.
Алдағы жылдары Жайылма тіректі елді мекені мен спутниктік елді мекендерге (Игілік, Өндіріс,Қызылдихан, Маятас, Ақтам, Әбілда) қаржы бөлінетін болады, яғни дамитын болады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында «Ауыл — ел бесігі» ауқымды жобасының іске қосқанын жоғарыда айттық. Осы бағдарлама аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдар қарқынды дамып келеді. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.