A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақ халқының дәстүрлері – ұлттық рухтың тайқазаны

284

Қазақ халқы барынша салт-дәстүрлерін дәріптеп, кейінгі ұрпаққа өнеге етіп қалдыратындай берік ұстанып, кеңінен пайдаланып келеді. Әйтсе де бүгінде халық арасында кейбір салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрпымыз ұмыт болып барады.
Ата-бабамыздан мұра ретінде қалған салт-дәстүрімізді игі мақсаттарда қолдану, ұмытылып бара жатқандарын қайта жаңғырту, халық арасында қайта дәріптеу әрбір исі қазақтың міндеті.
Көп ескерілмейтін дәстүрлерді біле жүру, жастар арасында насихаттау – артық етпейтін іс.
Салт-дәстүрді, бала тәрбиелеуді басты міндет деп білген қазақ даналары «Қызың жақсы болсын десең – қылықтымен ауыл бол, Ұлың жақсы болсын десең – біліктімен ауыл бол» дейтін.
Халқымыз ата-баба өсиетін берік ұстанып, қыз бала ес біліп етек жеңін жинай бастаған кезден-ақ текті, тәрбиелі, иманды, адамгершілігі жоғары, өнерлі ортамен қарым-қатынас жасап, оларға жақын болуға икемдейтін. Қазақ қызын әрқашан да сыпайылыққа, инабаттылыққа, қисық мінез кеселді сөзден аулақ болуға тәрбиелеген. Ұлын батылдық пен батырлыққа, турашылдық пен шыншылдыққа, имандылық пен даналыққа бағыттап тәрбиелеген.

Бүгінде қазақ ұлтының салт-дәстүрін, жол-жоралғыларын қайта дәріптеуді, жастарға насихаттау «Үлгілі ауыл» байқауына үміткер Сарысу ауданындағы Тоғызкент ауылдық округіндегі Әбілда ауылында жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

Ауылдық қариялар: — Қазақ халқының ұлттық дәстүрі – ұлттық рухтың тайқазаны. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді жеке адам емес, бүкіл қоғам бірлесіп жасайды. Халық ұлт болып өмір сүруі үшін оның әдет-ғұрып, салт-сана түріндегі ұлттық дәстүрлері болуы қажет. Жер бетінде қазақ деген ұлт болып кеңінен танылуымыз үшін, ұлттық сана сезімімізді оятып, ұмыт болуға таяған салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуды міндетін деп біліп, қолға алуымыз керек.

Бабалар салып кеткен дана жолмен, ата салтымызбен өмір сүру – ұлттығымыздың басты міндеті. Дәстүрге сай өмір сүру, оның кейбір тұстарын заман талабына сай жаңғырта, бейімдей отырып қолдану – өнершілдіктің белгісі. Жас ұрпақты ата салтымызбен тәриелеу, бабаларымыздың болашақ ұрпақ үшін ақ білектің күшімен салған даңғыл жолымен жүріп, дәстүді сақтап өмір сүруі – әрбір қазақтың ұлт алдындағы азаматтық борышы,-дейді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.