A place where you need to follow for what happening in world cup

Шулық ағайындар асарлатуда

293

Асар — ерте заманнан келе жатқан дәстүр. Ауыл іші, ел арасында жұмылған жұдырықтай бірігіп, ақысыз көмек көрсету ғұрпы бұрыннан танымал. «Көп түкірсе – көл» деген дана халқымыз асардың қоғамдағы маңызын әу бастан пайымдаған.
Бүгінде қазақи қаймағы бұзылмаған Шу ауданында жастар мен ақсақалдар белсенділік танытып, асар жасау салтын қолға алды. Атап айтсақ, 16 ауылдық округ қамтылып, Алға ауылдық округі, Қорағаты, Ескі Шу, Бірлік, Далақайнар, Дулат, Шоқпар, Көкқайнар, Жаңақоғам, Қонаев, Жаңа жол, Тасөткел, Өндіріс, Бірлікүстем, Балуан Шолақ, Ақсу елді мекендерін қамтитын көлемді жоба ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуды мақсат тұтады.
Бірлігі мен ынтымағы ажырамаған ұлттың іргесі сөгілмейді. Аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылардың, жас отбасылардың өзекті мәселесіне көз жұма қарамай, көмек қолын соза білген жандар қоғам жанашыры іспеттес. Баспана қазіргі таңдағы өзекті проблемалардың бірі екендігі белгілі. Осы орайда асарлатып салынғалы жатқан тұрғын үйлер өз жұмысын бастап та кетті.
Көпшілік қатысуымен жүзеге асатын баспаналар бой көтерсе ауыл ажары емес пе? Елдігімізді танытатын, бауырмалдық үлгісін қалыптастыратын, ежелден келе жатқан ата дәстүр жібін үзбей жалғасқан асар салты бір отбасыға болса да қуаныш сыйлай алса еңбегіміздің жанғаны.
Бір отбасын ғана емес, бірнеше отбасына мейірім шашқан аталмыш жоба қазақы ауылда өскен қандастарымыздың шынайы ниетінің, ізгі қасиетінің көрінісі.
Тілегі түзу ауылдастар тарапынан туындаған қайырымдылық шарасы қапыда қалып кетпей, көмек күткен отбасылар бақытына бұйыратынына сенімдіміз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.