A place where you need to follow for what happening in world cup

Тұрғындар сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді

272

Баспасөз қызметі хабарлайды.

Дүйсенбі күні аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олжас Көкей тікелей эфир арқылы әлеуметтік желіде індеттің алдын алу және сақтандыру шаралары бойынша мәлімет берді.
Аудан әкімдігінің фейсбук және аудандық адалдық алаңының инстаграм парақшаларында өткен тікелей эфирде мыңнан аса оқырман болып, 50-ге жақын сұрақтар түсті.
Сұрақтардың көбі індет кезінде сақтандыру шараларының жүргізілу деңгейі және әлеуметтік көмектер туралы болды. О.Көкей КВИ алдын алу және таралуын болдырмау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап өтті.
— Әлемді дүр сілкіндіріп отырған қауіпті індет «COVID-19» өкінішке орай біздің елімізді, тіпті ауданымызды да айналып өтпеді. Бүгінгі таңда, ауданда коронавирусіндеті 23 жағдай тіркелді (күні кеше ғана 17 болған), оның ішінде 3 жағдай жазылып, бақылаудан алынды.
Науқаспен жақын қарым қатынаста болғандардан ПТР сынамасы алынып нәтижесі жұмыс үстінде.
Сарысу ауданында індеттің таралуын болдырмау және кәсіпкерлік нысандардағы санитарлық талаптардың сақталуын күнделікті зерделеу мақсатында арнайы 2 мониторингтік топ, 4 мобильдік топтар құрылған.
Осы уақытқа дейін, Сарысу ауданы бойынша 185 нысанға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Жамбыл облысы Бас санитариялық дәрігерінің қаулылары және карантин режимін сақтау, жұмыс режимі туралы алгаритімдері таратылды.
Зерделеулер барысында ережелерді бұзғаны үшін 8 кәсіпкерге ескерту беріліп, 9 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, Сарысу аудандық сотқа жолданды. 3 тұлғаға айыппұл салынды, қалған 6 құжат сот қаралуында.
Елімізде бұл індеттің таралуы жайлы ақпаратты күнделікті теледидар мен әлеуметтік желілер арқылы баршаңыз біліп отырсыздар. Қайғылы жағдайлар саны да аз емес. Төтенше жағдай режимі алынғанымен карантин режимі әлі де аяқталмағанын естен шығармағайсыз! Азаматтарымыз төтенше жағдай алынғалы босаңсып сақтық шаралары жайлы ұмытқан секілді.
Десе де, әркімнің денсаулығы өз қолыңда! Қарапайым сақтық шараларына бей-жай қарамай, барынша сақ болуға шақырамыз. Әлеуметтік жауапкершілігіңіз сыналатын нақ шақ осы. Өзіңіз бен жақыныңыздың денсаулығы мен өмірі үшін жауапты екеніңізді ұмытпаңыз!
«Тәртіпке бағынған құл болмайды»- демекші, қауіпті індетті жеңудің бірден бір жолы тәртіп екенін тағы бір мәрте баса айтқым келеді,-деді.
Сонымен қатар атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Жалпы, Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында, осы уақытқа дейін Сарысу ауданында дезинфекцияланған аумақ 2 066,0 мың шаршы метрден асты. Көшелер мен аулаларды, қоғамдық орындарды дезинфекциялауға барлығы — 63 адам (қоғамдық жұмысшы), тиісті кәсіпорындардан 6 техника жұмылдырылған.
Есепті мерзімде аудандық газетте — 200-ге жуық мақала, әлеуметтік желілерде — 2000-нан аса ақпараттық материал жарияланды.
Сарысу ауданында тойханалар, көңіл көтеру орындары жабық. Барлық кәсіпкерлерге қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі жөнінде санитарлық қызметпен ескерту берілген. Дүкендерге бетпердесіз кіруге рұқсат жоқ.
Осы уақытқа дейін Сарысулық еріктілер тарапынан 21 тігін орындары ұйымдастырылып, 17500 бетперде мұқтаждарға таратылды. 2500-ге жуық бетперде қорда бар.
«Біз біргеміз» акциясы аясында Сарысулық демеушілер тарапынан әлеуметтік көмекке мұқтаж 724 отбасына — 10 млн. 808 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
Төтенше жағдайға кезінде 42500 көлемінде әлеуметтік төлем алғандар саны — 8437. Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге төлеу бойынша арнайы колл-центр номері (5-00-69, 5-02-21) жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда, төлем жасалатын 2466 адамның тізбесі жасақталды.
«Х» жағдай орын алған жағдайда жұмысқа тартылған медицина саласы қызметкерлерлерін үйлеріне қайтпай жұмыс істеуін ұйымдастыру мақсатында, Жаңатас қаласында 20 орындық қонақ үймен («Мутляпова» ЖК) мемоморандум жасалған. Сала қызметкерлерін 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында Жаңатас қаласы әкімдігі мен «Назира» ЖК арасында арнайы келісім де бар екендігіне тоқталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.