A place where you need to follow for what happening in world cup

Ағартушылық штаб жұмысы жалғасуда

161

Аймақта жемқорлықпен күрес мақсатында құрылған ағартушылық штаб жұмысын жалғастыруда.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ортақ міндет — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды тапсырды. Заманауи мемлекеттік аппарат азаматтармен өзара әрекеттесудің жаңа тәсілдерін ашып, процестер алгоритмдерін азайтып, жұмыс сапасын жақсартуы керек. Қоғам белсенділерінен құралған ақпараттық-насихаттау тобы халықпен жүздесіп, парасаттылық қағидаларын дамытумен айналысады. «Бұл – агенттік қолға алған, жемқорлықпен күрес тәсілдерінің бірі», – дейді штаб басшысы Қасымхан Төлендиев. Олардың айтуынша, штабтың мақсаты адамдардың моральдық-этикалық түсінігіне ықпал етіп, адал әрі ашық қоғам қалыптастыру. Ең бастысы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ақпараттық-ағартушылық топтың алғашқы кездесулері желтоқсан айында өткен болатын.
Енді №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен де жүздесу өтті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев кездесу барысында адалдық, парасаттылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталып өтті.Сондай – ақ, «Көптеген адамдар өзінің құқығын білмеу кесірінен, сол заңды бұзуға дейін барып жатады. Параны алған адам да, берген адам да тең дәрежеде жауап беретіндігін білесіздер. Осыны біз халыққа жеткізуіміз керек. Сондықтан арнайы штаб құрылды. Төрағаның тапсырмасымен тек облыс орталығы емес, шалғай жатқан елдімекен түгел қамтылатын болады», — деп Равиль Қуанышбайұлы ойын толықтырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.