Санитарлық талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында қала әкімдігінің жанында құрылған мобильдік топ мүшелері Тараз қаласының №11 аумақтық округіне қарасты Құмшағал және Қызылабад, Көлтоған, Жиделі, Казарма, Береке, Шөлдала алқаптарында орналасқан бизнес нысандарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
№11 мобильдік топ мүшелері дүкендердің аумағын абаттандыру жұмыстарына, қызметкерлердің медициналық бетперделер, санитарлық тазартқыштар (антисептик) мен қолғаптарды қолдану арқылы жұмыс істеуіне басты назар аударылды. Топ мүшелері мониторинг жұмыс барысында 40 азық-түлік дүкені, 2 шаштараз жұмыс атқарып жатқандығы анықтады. Аталған бизнес нысандардың арасында санитарлық талаптар мен қойылған шектеулер сақталмаған орындарға ескертулер беріліп, нысандарға Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №20 қаулысы таратылды.Мобильдік топ аралау кезінде жоғарыда көрсетілген алқаптарда монша, ойын-сауық орталықтары, тойханалар және тағы басқа жұмыс істеуіне тыйым салынған бизнес нысандарының жұмыс атқарып жатқандығы анықталмады.