A place where you need to follow for what happening in world cup

Татуласу рәсімдерін қолдану тәсілдері

366

Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 28 қаңтарындағы №401-IV «Медиация туралы» Заңын негізге алсақ, «…жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады».
Осы Заңның Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайтындығын ескерсек, медиатор «осы заң талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға» болып табылады.
«Медиация туралы» заң қабылданып, медиатор ұғымы пайда болса да біз оны әлі күнге ұлттық болмысқа сіңіре алмай келеміз. Сол себепті «Медиация туралы» Заң қазақ қоғамында еркін қанат қағып кете алмай жүр.
Ел болған соң дау-дамайсыз болмайтыны анық. Бірақ сол жан-жалды ушықтырмай дер кезінде шешуге, болмашы нәрсеге бола сотқа шағымданып, уақытын оздырып, әуре-сарсаңға түскенше медиаторлар орталығына жүгініп, дауын айтып, соттан тыс мәселе шешіліп, тарап қанағаттанып жатса нұр үстіне нұр емес пе?!
Азаматтық процесстік кодекске сәйкес татуластыру рәсімдерінің үш түpi қарастырылған. Бipiншісі — бітімгершілік (татуласу) келісімі, eкіншici — дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, үшіншіci — дауды партисипативтік келісім тәртібімен реттеу туралы келісім. Аталған келісімдердің бәрі сотпен бекітіледі және әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Тараптардың татуласуы келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не АПК белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалан отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.
Татуласу рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер АПК немесе заңда өзгеше көзделмесе, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша берілуі мүмкін.
Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.
Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізіп жатқан судья өткізуі мүмкін. Іс жүргізіп жатқан судья дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің мазмұнын тексереді және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіліде. Іс жүргізіп жатқан судья дауды (жанжалды) партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімінің мазмұнын тексереді және оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
Шу аудандық сотымен 2019 жылдың 12 айында татуластыру рәсімдерін қолданумен 1706 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 79 іс медиация тәртібімен, 4 іс бітімгершілік келісім жасаумен қаралған. Ал, 2020 жылдың 4 айында татуластыру рәсімдерін қолданумен 373 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 30 іс медиация тәртібімен, 2 іс бітімгершілік келісім жасаумен аяқталған.
Қорыта айтканда, Азаматтық процестік кодекстің жаңа редакциясына сәйкес дауларды реттеу тәсілдерінің көп болуы бітімгершілік жолмен аяқталатын icтep санының артуына, осылайша коғамда келісім мен тұрақтылықтың орнауына ceптігін тигізуде.

Ерлан ІЛИЯСОВ,
Шу аудандық соттың судьясы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.