A place where you need to follow for what happening in world cup

Шу ауданының Ж.Айтақовтың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасынан

221

21.05.20. Қонаев ауылдық округіндегі Төле би мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын көріп шықтым. 1985 жылы пайдалануға берілген бұл білім ошағы 1070 орындық. Үлкен мектепке бөлінген қаржы да аз емес. 446 миилион теңге бөлініп отыр. Сейсмақұрылысы қоса жүргізілетін болады. Аталған нысанға жоспар бойынша 79 адам жұмысқа тартылу керек болса, құрылыс басынан соның тек жартысын ғана көре алдым. Жауапты мамандардың айтуынша жұмыссыз жандардың құрылысқа құлқы жоқ көрінеді. Жайшылықта жұмыс болса деп екі қолы алдына сыймай отырған азаматтардың қарасы қайда қазір. Мемлекет мектебіңді жаңартып, халқыңды жұмыспен қамты деп беріп отырған мүмкіндігін пайдалануымыз керек. Құрылысқа жауапты орынбасарымнан бастап мектеп директорына дейін ауыл-ауылды аралап жүріп жұмысшылар санын арттыруды тапсырдым. Хабарландыру мен түсіндіру жұмыстарын көбейту қажет. Мектеп жаңа оқу жылына дейін толық аяқталуы тиіс.
Сондай-ақ, Ескі-Шу ауылдық округіндегі Ш.Уәлиханов атындағы мектептің де күрделі жөндеу жұмыстарын аралап шықтым. 1969 жылы салынған білім ошағына бөлінген қаржы 116 миллион теңге. Бұл мектептің құрылыс қарқыны қыза түскен. Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы айтқандай мектептегі жаңашылдықты оқушы сезінуі қажет. Осы мәселеге баса мән беру керектігін тапсырдым.

22.05.20. Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хат табыс еттім. Ауданымызда жұмыс істейтін 46 мәдени мекемеде 227 адам еңбек етеді. Халықпен тікелей жұмыс жасайтын, күні-түні тыным таппайтын осы сала қызметкерлері. Сондықтан мәдениет саласы еңбеккерлері қандай құрметке де лайық. Төңірегін думанға бөлеп, Шу елінің шырайын шығаратын да біздің мәдениет саласының майталмандары.Өңіріміздегі мәдениет саласының қарқынды дамуының бірден-бір көрсеткіші – шығармашылық ұжымдардың халықаралық байқаулар мен фестивальдерде жеткен жетістіктері мен жеңістері.
Бүгінде халыққа сапалы мәдени қызмет көрсету үшін саланың материалдық-техникалық базасын нығайту басты назарымызда. Мәдениетімізді дамыта отырып , өнер адамдарын құрметтей отырып, біз жастарды тәрбиелейміз. Кең сарайда атап өтілетін мерекеге бүгінгі жаағдайға байланысты кең сарайдай көңілімізді ғана ұсына алдық. Індеттен аман өтіп, қуанышты күндерде қауышуды тілеймін!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.