A place where you need to follow for what happening in world cup

Жуалыда 63 млн. теңгенің мүлігін қолды қылған ұрылар ұсталды

321

Жуалы ауданы полиция бөлімінің бастығы Мақсат Ережеповтың және бөлім қызметкерлерінің атына «Кристалл Құлан Күзет» ЖШС-нің директоры Т. Жүнісқадыров «Бурный-Солар 2» күн электрстанциясы аумағынан ұрланған кабельдерді табуда кәсібилік пен жеделділік көрсеткені үшін ризашылығын білдіргені туралы алғыс хатын жолдады.
Өткен жылдың желтоқсан айында Жуалы ауданы полиция бөліміне аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестік контейнерінен 102 кабель салынған қорап жоғалғаны бойынша арыз түскен болатын. Жалпы 62 680 000 теңге көлемінде шығын келтірілген.
Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 18 бен 47 жас аралығындағы Тараз қаласы мен Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандарының 4 азаматы ұсталды. Ұсталған азаматтардың барлығы 2018-2019 жылдары «Бурный-Солар 2» күн электрстанциясы мекемесінде күзетші қызметін атқарған.
Күдіктілер кінәсін толықтай мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тәркіленген ұрлықы заттар иелеріне қайтарылды
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы, 4-тармағымен (қылмыстық топпен жасалған аса ірі мөлшердегі ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.