A place where you need to follow for what happening in world cup

1500-ге жуық жамбылдық аз қамтылған отбасы азық-түлік жиынтығын алды

236

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласы мен төрт ауданындағы 1500-ге жуық аз қамтылған отбасы азық-түлік жиынтығы түрінде қайырымдылық көмегіне ие болды.
Қазақстан бойынша қолға алынған қайырымдылық акциясына «Халық» қайырымдылық қоры мұрындық болған. Қор 20 мың азық-түлік жиынтығын қалыптастырып, төтенше жағдай режимі мен карантиндік шараларға байланысты күрделі қаржылық жағдайда қалған мұқтаж отбасыларға үлестірді. Өнімнің жалпы көлемі 1200 тоннаны құраған.
Игі бастаманы алғашқылардың бірі болып еріктілер қолдап, азық-түлікті жеткізіп беруді қамтамасыз етуге барынша атсалысқан. Еріктілердің айтуынша, тұрғындар әлеуметтік көмекті өте жылы қабылдап, ризашылықтарын білдірген. Бұл бүгінгі күні бизнес тарапынан әлеуметтік қолдаудың, сондай-ақ азаматтық қоғамның бірігуінің қаншалықты маңызды екенін тағы да бір айғақтай түсті десек артық айтпаймыз.

Около 1500 жамбылских малообеспеченных семей получили продуктовые наборы

Порядка 1500 малообеспеченных семей в городе Таразе, а также в четырех районах Жамбылской области получили благотворительную помощь в виде продуктовых наборов.
Акцию милосердия по всему Казахстану организовал благотворительный фонд «Халык». Фонд сформировал 20 тысяч продуктовых наборов и направил их нуждающимся семьям, оказавшимся в сложном финансовом положении из-за режима ЧП и карантинных мер. Общий объем продукции составил 1200 тонн.
Одними из первых инициативу поддержали волонтеры, которые в настоящее время обеспечивают адресную доставку продуктов питания. По словам самих волонтеров, жители очень тепло и с признательностью отнеслись к предоставленной помощи. Ситуация еще раз доказала насколько важна сегодня социальная поддержка со стороны бизнеса, а также сплочение гражданского общества.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.