ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.04.2020 жылғы №212 бұйрығымен Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу Қағидалары бекітілді.
Қабылданған шаралардың негізгі мақсаты өңірлерде енгізілген карантин кезеңінде Қағидалармен бекітілген арнайы санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерін төлеуге мемлекеттік қолдау көрсету болып табылады.
Коммуналдық қызметтерді өтеу келесі санаттардағы азаматтарға беріледі, олар:
1) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
2) мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар;
3) көпбалалы отбасылар;
4) ҰОС соғының мүгедектері мен қатысушылары және ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген азаматтар;
5) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасы;
6) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
Жамбыл облысы бойынша коммуналдық қызметтердің төлеміне белгіленген 15000 теңге жәрдемақы алу үшін азаматтардың өтінімдері 2020 жылдың 1 мамырынан бастап Тараз қаласы мен аудандарда құрылған Сall-орталықтарында қабылданатын болады.
Мемлекетпен белгіленген 15000 теңге жәрдемақы 2020 жылдың сәуір, мамыр айлары бойынша әр айда нақты тұтынылған коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеуге жұмсалады.
Жәрдемақы алу үшін төмендегі 4 санатқа жататын азаматтарға, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемеде абоненттік дербес есеп шоты тікелей өзінің атында болған жағдайда ғана беріледі.
— 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
— ҰОС соғының мүгедектері мен қатысушылары және ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген азаматтар;
— ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
— атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
Осы 4 санаттағы азаматтардың көрсетілген коммуналдық қызметтердің төлемақысын өтеу үшін тұтынушы жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), әлеуметтік мәртебесін және абоненттік дербес есеп шотының деректерін көрсете отырып, Сall-орталықтары арқылы өтінім береді.
Ал, төмендегі 3 санатқа жататын отбасыларға коммуналдық қызмет көрсетуші мекемеде абоненттік дербес есеп шоты осы отбасы мүшелерінің біреуінде болған жағдайда беріледі.
— мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар,
— көпбалалы отбасылар,
— мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы.
Бұл 3 санаттағы отбасылардың тұтынған коммуналдық қызметтердің төлемақысын өтеу үшін, тұтынушы жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), әлеуметтік мәртебесін және көмек алушының отбасы мүшесінің атына тіркелген абоненттік дербес есеп шотының деректерін көрсете отырып, Сall-орталықтары арқылы өтінім береді.
Әрі қарай, Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) есеп шоттың және әр айға нақты тұтынылған қызметтің төлем сомасының болуын растау үшін Коммуналдық қызмет көрсетуші мекемеге тұтынушылардың тізбесін жолдайды.
Коммуналдық мекемелермен ұсынылған мәліметтер өңделіп, тұтынушының абоненттік есеп шотының сәйкестігін растау және коммуналдық қызметтердің тұтынылған нақты көлемі мен белгіленген тарифтерге сәйкес олардың құны туралы ақпаратты Әкімдіктерге жолдайды.
Әкімдіктер өтінім алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей Тұтынушының абоненттік есеп шотына тікелей қаражат аударуды қамтамасыз етеді.
Сәйкесінше, Тұтынушының өтінімі мен Коммуналдық мекеменің расталған ақпараты қаражатты аударуға негіз болып табылады.
Қаражатты аударуды Әкімдік өтелуге жататын коммуналдық қызметтердің санына және сомасына қарай белгіленген 15000 теңге тепе-тең (пропорционально) төленеді.
Егерде, кейбір коммуналдық қызмет түріндегі түбіртекте (квитанция) сомасы аз болған жағдайда, Коммуналдық мекеме төлемнің артылған айырмасын келесі есептік айларға отырғызып, төлемі есептеле береді және осы туралы Тұтынушыға хабарлама жібереді.
Ал, кейбір коммуналдық қызмет түріндегі түбіртекте сомасы төленетін сомадан көп болған жағдайда, қалған айырмасын Тұтынушы өзі жүргізеді.
Коммуналдық мекеме төлемдерді есептеген кезде, түбіртекте соманың бір бөлігін немесе толықтай мемлекетпен өтелгені туралы Тұтынушыға көрсетіледі.
Атап айтқанда, коммуналдық қызметтерге келесі түрлер жатқызылады:
— Ауыз сумен жабдықтау;
— Су бұру (кәріз) қызметі;
— Газбен жабдықтау;
— Электрмен жабдықтау;
— Жылумен жабдықтау;
— Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару.
Шығындарды өтеу көрсетілген санаттардағы азаматтардың өтініші негізінде және әр айға (сәуір-мамыр) бір тұтынушыға шаққанда 15000 теңге есебімен жүргізіледі. Бұл ретте, есеп айырысу төлем кезеңінің тұтастығын бұзбай, тиісті айдың бірінші күнінен соңғы күніне дейін жүргізіледі, яғни бір ай толық аяқталған соң, Тұтынушыға бір айда тұтынылған көлемі анықталып, төлемақысы өтеледі.
Нақтырақ айтқанда, мамыр айының бірінші он күндігінде сәуір айында Тұтынушымен нақты тұтынылған қызметтің көлемі туралы ақпарат Коммуналдық мекемелерден алынады. Осыған байланысты, өтінім беруге асығыстық танытпауға болады, өйткені сәуір айының төлемдерін алу үшін, өтінімдер мамыр айында қабылданса, мамыр айының төлемдерін алу үшін өтінімдер маусым айында қабылданады.
Бүгінге, республикалық бюджеттен қаржының бөлінуіне Үкімет тиісті қаулыны шығаруда. Сәйкесінше қаржы облыстық бюджетке нысаналы трансферттер ретінде әкімшіге келіп түскен соң, әрі қарай нысаналы трансферттер негізінде Тараз қаласы және аудан әкімдіктеріне аударылады.
Жалпы, осы мәселеге қатысты барлық ақпараттар әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті тұрғындардың назарына шұғыл түрде хабарланып отырады.
Осы орайда жоғарыда аталған Қағидада бекітілген талаптар туралы ақпаратты, өтінім беру мерзімі басталғанға дейін Әкімдіктерде ашылған Сall-орталықтарына хабарласу негізінде алуға болады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық