A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ басшылығы ардагерлерді құттықтады

323

Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Миржан Смагулов бірқатар ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады. Мереке күні Миржан Нурмухаметұлы соғыс ардагері Мұрат Елубайұлы Жанәлі және тыл ардагері Сергей Галиевич Бабаянның шаңырақтарына арнайы бас сұғып, Ұлы Жеңістің символы – қалампыр гүлдерін, азық-түлікке толы себеттерімен сый-сияпатын табыс етті.

Миржан Смагулов өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі ұрпақтың ашық аспан аясындағы тыныш, мамыражай өмірі кешегі қиянкесті соғыста елінің келешегі үшін жаумен аянбай арпалысқан ардагерлердің ерлігінің арқасында келгенін, сол батырларымызды әрқашанда мақтан тұтып, құрметтейтіндігін айтып өтті. Өз кезегінде ардагерлер департамент бастығына алғыстарын білдіріп, ақ баталарын беріп, енді ешқашан соғыстың болмауын, заманымыздың тыныштығы мен елдің амандығын тілейтіндіктерін жеткізді.

Сондай-ақ бұл күні өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Шараға өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасарлары Абылайхан Ильясов, Еркін Нұрбаев және департаменттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Әміролла Оралбаевпен Ауған соғысының ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиында ардагерлер кеңесінің төрағасы Әміролла Ибатуллаұлы Ауған территориясында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті орнатуға қатысқан интернационалист-жауынгерлерді, яғни бүгінгі таңда қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерін 7 — мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтап, зор денсаулық пен отбасылық береке тіледі.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.