A place where you need to follow for what happening in world cup

«Жолда қабылдау» акциясында заңдағы жаңа өзгерістер түсіндірілді

249

Жамбыл облысында «Жолда қабылдау» акциясының кезекті қабылдауына тұрғындар негізінен  Қазақстан Республиасында шетелдік нөмірі бар автокөліктерді тіркеуге қатысты жаңа заңнамалық өзгерістер бойынша сауалдармен келді.

Акцияның алғашқы күнінде әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметі басшылары қабылдауға келген азаматтарға «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген өзгерістердің мән-жайын түсіндірді.

— Мен қабылдауға заңдағы жаңа өзгерістер туралы білуге келдім. Полиция қызметкерлерінің жан-жақты түсіндіруінің нәтижесінде бұл жерде ешқандай қиыншылықтың жоқтығына көзім жетті. Өзім Ресейден автокөліктерді әкеліп, сатумен айналысамын. Егер көлікті  қажетті заңдылықтарды сақтай отырып әкелсеңіз, көлік құралын рәсімдеп, тиісті салықтар мен пайдаға асыру алымын төлесеңіз, біздің еліміздің аумағында автокөлікті пайдалануға кедергі келтірмейді. Барлығы заңды болса көлік иесінің де ештеңеге алаңдамауына болады, — дейді Тараз қаласының тұрғыны Мәди Болатбеков.

Жалпы, «Жолда қабылдау» және «Аулада қабылдау» акциялары облыстың барлық фронт-кеңселерінде, модульдік үлгідегі стационарлық бекеттерде және учаскелік полиция пункттерінде өткізілуде.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қабылдау барысында тұрғындардың әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлдарды төлеу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол белгілерін орнатуға қатысты сұрақтарына да жауап берді.

Аталған акциялардың бірінші күні Жамбыл облысы тұрғындарынан 1500-ден астам өтініштер келіп, барлық сұрақтар бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.