A place where you need to follow for what happening in world cup

Жаңа заң ардагерлердің үмітін ақтайды

156

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев ҰОС жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Бұл ардагерлерге үлкен сыйлық болды. Себебі, бұрынғы қолданыста болған «Ардагерлер туралы» Заң шынын айтқанда бүгінгі талаптарға сәйкес келе бермейтін тұстары болып, күнделікті кеңінен атқарылатын жұмыстар кезінде қиындықтар тудырушы еді.
Жаңа қабылданған Заңның жобасын облыс аумағындағы барлық ардагерлер ұйымдарында талқылап, ұсыныс, пікірлерімізді алдын ала білдіргенбіз. Қолданысқа еніп отырған Заңның басты мақсаты — ардагерлердің әлеуметтік жағынан қорғауды қажет ететін санаттарын анықтау және де әлеуметтік қолдау шараларын күшейту. Ардагерлердің әлеуметтік қорғалатын 5 санаты және олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалған. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы ардагерлеріне.
Заңда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар қатарынан басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдардың ардагерлері де атап көрсетілген.
Осы санаттағы ардагерлердің қатарына ТМД елдерінің 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған ардагерлерге берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімі де бекітілген. Бұл санатқа Кеңес Одағы қарулы күштерінің қатарында әр жылдары 23 қақтығысқа қатысқан әскери қызметшілер де кіргізілген.
Әлеуметтік әділеттілік қағидатын қамтамасыз ету үшін, Ұлы Отан соғысының қатысушылары сапынан Социалистік Еңбек Ерлеріне және Социалистік Еңбек Ерлеріне берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері де нақтыланған.
Сондай-ақ, Чернобыль апатынан зардап шеккендерге берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері де атап көрсетілген. Осы заңның барлық тармағын орындау үшін мемлекеттен жыл сайын қосымша 2 млрд теңге бөлінекші. Нәтижесінде, мемлекет тарапынан 2020 жылы Қазақстандағы ардагерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен 169 мыңнан 180 мың адамға дейін қамту көзделген.
Қорыта айтқанда, қолданысқа енген бұл Заңнан ардагерлердің күтері көп, үміттерін ақтайтынына сеніміміз мол.

Еркінбек Солтыбаев,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.