A place where you need to follow for what happening in world cup

Бағаны негізсіз өсіргендерге жаза қатаң

353

Таразда әлеуметтік мағызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жұмысы жоспарлы жүргізілуде.

Мәселен,  бүгін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобы қала аумағында орналасқан 11 дүкенді (орта және шағын супермаркеттер) аралды.

Атап айқанда, «Корвет», «Умка», «AsMol», «Рауан», «Dostyk Market», «Orda», «Жұлдыз», «Деменур», «Сабина», «Okey» және «LUX» супермаркеттеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек бағаларының орындалуына қадағалау жүргізілді.

Нәтижесінде, араланған барлық дүкендерде тазартылған күріш, қарақұмық, тауық жұмыртқасы және күнбағыс майының бағалары шекті бағадан асқан деректері анықталды. Бағасы көтерілген тауарлар қайтадан шекті деңгейге дейін түсірілді.

Осылайша,  қолданыстағы заңнамаларға сәйкес министрліктердің бірлескен бұйрығымен белгіленген шекті бағалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында дүкен иелерінің ықыласымен сол мезетте аталған тауар түрлерінің бағалары нормативтік-құқықтық актіге сәйкестендірілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.