A place where you need to follow for what happening in world cup

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қамауға алынды

195

Мойынқұм аудандық сотында азамат А.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен және 608 бабы 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік істері қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, құқықбұзушы А. 15.04.2020 жылы сағат 22.00 шамасында өзінің көлік құралымен еш себепсіз көшеде жүріп, төтенше жағдай режимін бұзған. Сонымен қатар, жолда жүру Ережесінің талаптарын сақтамай, автокөлікті алкогольден масаю күйінде басқарғаны анықталған.
Сот отырысы барысында құқық бұзушы А. өз кінәсін толық мойындап, өз ісіне шын жүректен өкініп, соттан қатаң жазаламауды сұрады. Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 476 бабының 6-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 5 (бес) тәулікке, ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 15 (он бес) тәулікке қамауға алу және 7 (жеті) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Жалпы құқық бұзушы А. 20 (жиырма) тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Құрметті аудан тұрғындары елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген санитарлық талаптарды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Еске сала кетейік, 06.04.2020 жылы Мойынқұм ауданының Бас мемлекеттік санитар дәрігері А.К.Елеуованың №1 қаулысымен Мойынқұм ауданы аумағында шектеу шаралары енгізілген болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.