A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауыл әкімі бас болып…

223

Әлем халқын әбігерге салған коронавирустың кесірі талай жанның көңіліне дақ түсіргені даусыз. Бұл кесел біздің ауылдан да айналып кетпеді. Жасым 60-қа таянса да мұндай сұмдықты көрген де, естіген де емеспін.

8 балам бар. Жолдасым жоқ. Қысылып жүргенім де жасырын емес. Жиған-тергеніміз ары тартсақ беріге, бері тартсақ арыға жетпейді. Үкіметке рахмет. Көмектесіп жатыр. Әйтсе де, оннан астам ұлт өкілдері мекендейтін Жалпақтөбе ауылының жұртшылығын бір әулеттің баласындай есептейтін ауыл әкімі Ержан Данаевқа ризашылығым шексіз. Ол өзі бас болып мен секілді тұрмыс жағдайы төмен жанұяларға демеушілер – Nur Otan партиясы аудандық филиалы «Жалпақтөбе» бастауыш ұйымының төрағасы Сайдулла Тажиев, ағайынды Абдумалик, Ергеш, Руфат Абдуллаевтарды және ауыл белсенділерін тарта отырып, әлеуметтік сыйқалта (жеміс-жидек, ұн, шекер, күнбағыс майы, шай және тағы басқа да он түрлі азық-түлік) табыстады.

Қысылғанда көмек қолын созғандарға аналық алғысымды айтқым келеді.

Иноят Иралиева, көпбалалы ана.

Жамбыл ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.