Өңірдің өркендеуі – баршамызға ортақ міндет — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Өңірдің өркендеуі – баршамызға ортақ міндет

13

№15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Айнабеков Сагдат Кайратович

Өмірбаяным

Құрметті жерлестер!

Мен, Айнабеков Сагдат Кайратович, 1988 жылғы 30 шілдеде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
1995–2006 жылдары Жаңаарық ауылындағы «Сарысу» орта мектебінде оқыдым.
Білімім – жоғары. 2006-2010 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік университетінің Экономика және бизнес факультетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітіріп,бакалавр дәрежесін алдым. Кейін осы университетте MBA бағдарламасы бойынша магистратурада оқыдым.
Еңбек жолымды 2010 жылы Тараз қаласында бастадым. 2010–2011 жылдары «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ филиалында қаржы кеңесшісі болып жұмыс істедім. Сонымен қатар 2010 жылы «Telekom-Trade» ЖШС құрылыс мекемесінің Жамбыл филиалында директор қызметін атқардым. 2011–2012 жылдары «NOMAD LIFE» сақтандыру компаниясы» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалында менеджер болдым.
2013 жылдан бастап кәсіпкерлікпен және құрылыс саласымен айналысамын. 2013–2015 жылдары «SARYSU GROUP» ЖШС, 2015–2017 жылдары «А.Е.М.» ЖШС, 2018–2021 жылдары «CEIS НҰР» ЖШС директоры болдым. 2021 жылдан бастап «SERPIN GROUP» ЖШС-нің, 2023 жылдан бастап «Береке Құрылыс Холдинг» ЖШС-нің құрылтайшысы әрі директорымын.
Басшылық ететін компанияларымыз өңірге келген ірі инвестициялық жобаларда мердігер ретінде жұмыс істеп келеді: Сарысу ауданындағы Qazaq Soda кальцийлендірілген сода шығаратын зауытының құрылысы, Талас ауданындағы AsiaChem минералды тыңайтқыштар өндіру кешенінің құрылысы (бас мердігер ретінде), Сарысу ауданындағы Masdar жел электр станциясы жобасы аясында 10 шақырым жол құрылысы.
2016 жылдан бастап «Өркен-Ниет» қоғамдық қорының құрылтайшысымын. Қор арқылы «Ақ дастархан» азық-түлік тарату жобасына бірнеше рет қатыстым, Сарысу ауданында мешіт құрылысын жүргіздім, қайырымдылық және еріктілік жұмыстарына үнемі атсалысып келемін.
Еңбек жолымда «Халық алғысы», «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалдарімен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы, «Жомарт жүрек» жобасының «Ерен еріктілік» номинациясы, Жамбыл облысы бойынша «Ерен еріктілік» номинациясы, Сарысу ауданы бойынша «Жыл меценаты» номинациясы, Сарысу ауданы әкімі мен мәслихатының Алғыс хаты және өзге марапаттарды иеленгенмін.
Үйленгенмін, Екі ұл,екі қыз өсіріп отырмыз.
«Respublica» партиясының мүшесімін.

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті Сарысу ауданының тұрғындары!

Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарлама Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, ауыл мен аудан орталығы арасындағы инфрақұрылымдық айырмашылықты азайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл шаруашылығын қолдауға және тұрғындарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған. Басты ұстаным – халық пен атқарушы органның арасында байланыс орнатып, мәселені нақты зерделеу және оның шешілуіне дейін бақылауда ұстау.

Инфрақұрылымды жаңғырту – ауыл тұрмысының негізі

Сапалы ауызсу, жөнделген жол, тұрақты электр қуаты, жарықтандырылған көше мен қолжетімді байланыс – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды қажеттіліктер. Бұл мәселелерді шешу аудан орталығымен шектелмей, шалғай ауылдарды да қамтуы керек.
Осы бағытта:
• Елдімекендердегі ауызсу жүйелерінің техникалық жағдайын зерделеп, тозған желілерді кезең-кезеңімен жаңарту жобаларын қолдау;
• Ауылішілік жолдарды жөндеу, асфальтталмаған көшелерді ретке келтіру және ауданаралық жолдардың сапасын жақсарту мәселесін облыстық деңгейде көтеру;
• Көшелерді жарықтандыру, аялдамаларды жаңарту, жаяу жүргіншілер жолдары мен қауіпсіз өткелдер салу бастамаларын қолдау;
• Электр желілерін жаңғырту, апаттық ажыратуларды азайту және елдімекендердегі интернет пен ұялыбайланыс сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
• Мектеп, медициналық пункт, мәдениет үйі және өзге де әлеуметтік нысандарға апаратын жолдардың қауіпсіз әрі қолжетімді болуын назарда ұстау;

Өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу

Сарысу ауданының өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану – халықтың табысын арттырудың және жастарды жұмыспен қамтудың маңызды жолы. Ірі кәсіпорындармен қатар шағын және орта бизнестің дамуына да қолайлы жағдай жасалуы қажет.
Осы мақсатта:
• Аудандағы өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне қажетті инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге ықпал ету;
• Жаңа инвестициялық жобаларды тарту, жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру және кадр даярлау мәселелерін тұрақты көтеру;
• Шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекеттік қолдау, жеңілдетілген несие, грант және оқыту бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысу;
• Жергілікті кәсіпкерлердің өндіріс, сауда, қызмет көрсету және туризм бағыттарындағы бастамаларын қолдау;
• Кәсіптік білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы байланысты күшейтіп, сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлауға ықпал ету;
• Жастардың кәсіп бастауына, бизнес-жоспар әзірлеуіне және мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына кеңес беру алаңдарын ұйымдастыруды қолдау;

Білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту

Әрбір бала сапалы білім алып, әрбір тұрғын тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық көмекке қол жеткізуі керек. Ауыл мектептерінің жағдайы, педагогтер мен медицина мамандарының тапшылығы, медициналық нысандардың жабдықталуы тұрақты назарда болуы тиіс.
Осыған байланысты:
• Мектептер мен балабақшалардың ғимараттарын жөндеу, жылу жүйесін, санитариялық тораптарын және материалдық-техникалық базасын жаңарту қажеттіліктерін облыстық бюджет аясында көтеру;
• Ауылдық жерлерге мұғалімдер мен медицина мамандарын тарту, жас мамандарға тұрғынүй және әлеуметтік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіруге ықпал ету;
• Медициналық пункттерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеру;
• Ана мен бала денсаулығын қорғау, профилактикалық тексерулер мен скринингтерге тұрғындарды кеңінен тарту бастамаларын қолдау;
• Мектеп оқушыларының қауіпсіз тасымалдануы, ыстық тамақпен қамтылуы және мектептен тыс қосымша білім алу мүмкіндіктерін жақсарту;
• Әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға ықпал ету.

Құрметті жерлестер!

Менің басты мақсатым – өңіріміздің әрбір елді мекенінде өмір сүруге қолайлы жағдай қалыптастыру, жергілікті экономиканы нығайту, жастарға жол ашу және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Халықтың сенімін ақтау үшін ашықтықты, жауапкершілікті және табанды еңбекті басты қағида етемін. Өңірдің өркендеуіне атсалысу – баршамызға ортақ міндет.

Тапсырыс беруші: №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Айнабеков С.К.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.