Ортақ міндеттерді орындауға өз үлесімді қосамын — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Ортақ міндеттерді орындауға өз үлесімді қосамын

20

№18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының
депутаттығына кандидат
Омбаев Ержігіт Тоқтасынұлы

Өмірбаяным

Мен, Омбаев Ержігіт Тоқтасынұлы 1981 жылы 21 тамызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылдық округіне қарасты Төле би ауылында дүниеге келдім. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолым 2003–2023 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарды атқарумен басталды.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шу ауданы бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ филиалы – мансап орталығының директоры болып қызмет атқарудамын.

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті сайлаушылар!

Бұл өңірдің әрбір жетістігі мен әрбір түйткілді мәселесі маған бейжай емес. Себебі мен де осы өлкенің туып-өскен бір перзентімін. Осы ауданда еңбек етіп, халықтың тыныс-тіршілігін жақыннан көріп келе жатқан азамат ретінде алдымызда тұрған ортақ міндеттерді тұрғындармен бірлесе шешуге өз үлесімді қосу мақсатында сайлауға қатысып отырмын.
Сондықтан сіздердің қолдауларыңыз- ға ие болған жағдайда, алдағы жылдары бар білім-білігім мен тәжірибемді туған жеріміздің дамуына және халық мүддесіне қызмет етуге арнамақпын.
Егер маған сенім білдіріп, Халықтың сеніміне ие болып, халық қалаулысы атанған жағдайда, өңірімізді өркендетуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға барлық жауапкершілікпен кірісемін.

1. Ауыл инфрақұрылымын жаңғырту

• Ауылішілік жолдарды жөндеу және асфальттау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге ықпал ету.
• Ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін шешуге басымдық беру.
• Электр желілері мен көшелерді жарықтандыруды жаңарту.
• Ауылдарды сапалы интернетпен және ұялы байланыспен қамту.
• Көшелерді абаттандыру, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық демалыс орындарын салу.
• Ауылдық елді мекендердегі тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым мәселелерін көтеру.

2. Ауыл шаруашылығын дамыту және кәсіпкерлікті қолдау

• Шағын және орта ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дамытуға жағдай жасау.
• Шаруаларға мемлекеттік қолдау, жеңілдетілген несие және субсидия алу мәселелерінде көмек көрсету.
• Мал шаруашылығы, егін шаруашылығы және қайта өңдеу салаларын дамытуға ықпал ету.
• Ауыл өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейтуге қолдау білдіру.
• Ауылдық жерлерде кооперативтер құруды ынталандыру.
• Жерді тиімді пайдалану және жайылым тапшылығы мәселелерін шешуге ықпал ету.

3. Жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындары

• Ауыл жастарын тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған жобаларды қолдау.
• Ауылда шағын өндіріс орындары мен кәсіпкерлік нысандарын ашуға жағдай жасау.
• Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қолдау көрсету.
• Қолөнер, тігін, наубайхана, сүт және ет өнімдерін өңдеу бағытындағы кәсіптерді дамыту.
• Жастардың бизнес-бастамаларына қолжетімді қаржыландыру мәселесін көтеру.

4. Білім беру саласын дамыту

• Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту.
• Мектептерді заманауи компьютерлермен, зертханалармен және қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етуге ықпал ету.
• Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуді бақылауда ұстау.
• Мектептердегі спорт залдары мен пәндік кабинеттерді жаңғырту.
• Ауыл мұғалімдерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру.
• Дарынды ауыл балаларына білім гранттары мен қосымша білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдау.

5. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау

• Ауылдық медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялардың жағдайын жақсарту.
• Ауылдарға білікті дәрігерлер тарту мәселесін көтеру.
• Медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету.
• Жедел жәрдем қызметінің қолжетімділігін арттыру.
• Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейту.
• Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстарды қолдау.

6. Жастар саясаты, спорт және мәдениет

• Әр ауылда жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау.
• Спорт алаңдары мен спорттық нысандардың санын көбейту.
• Ауылдық мәдениет үйлері мен кітапханаларды жаңғырту.
• Жастардың шығармашылық және спорттық бастамаларын қолдау.
• Ауыл жастарының облыстық және рес- публикалық байқауларға қатысуына мүмкіндік жасау.
• Жас мамандарды ауылға тарту және тұрақтандыру тетіктерін жетілдіру.

8. Халықпен ашық байланыс және депутаттық бақылау

• Әр ауылдың өзекті мәселелерін тұрғындармен тікелей кездесулер арқылы анықтау.
• Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін облыстық мәслихат деңгейінде көтеру.
• Ауылдарды дамытуға арналған бюджеттік бағдарламалардың орындалуына бақылау жасау.
• Бөлінген қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қадағалау.
• Әрбір ауылдың мәселесін жеке қарас- тырып, оның шешілу барысы туралы халыққа тұрақты есеп беру.

Тапсырыс беруші: №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Омбаев Е.Т.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.