Халыққа қызмет – басты міндет! — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Халыққа қызмет – басты міндет!

15

№18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына
өзін-өзі ұсынған кандидат
Стамкулов Ербол Абдирасилович

Өмірбаяным

Құрметті жерлестер!

Мен, Стамкулов Ербол Абдирасилович 1987 жылы 3 сәуірде Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келдім. 2009 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдадым.
2012 жылдан бастап сумен жабдықтау саласында түрлі лауазымдарда жұмыс істедім. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ауыз Су-Шу» директорының орынбасарымын.
Үйленгенмін, 5 балам бар.

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті сайлаушылар!

Туған өлкеміздің дамуына бейжай қарамайтын азамат ретінде халыққа адал қызмет етуді басты борышым деп санап, ортақ іске бел шеше кірісуге дайынмын.
Сіздердің сенімдеріңізге ие болып, депутат ретінде сайланған жағдайда, алдағы 5 жылда елді мекендеріміздің әлеуетін арттырып, өмір сапасын жаңа деңгейге көтеруге бар күш-жігерімді жұмсаймын.

1. Білім беру саласын дамыту

• Ауылдық жерлердегі мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ықпал ету.
• Мектептердегі күрделі жөндеу, жылу, ауызсу және санитарлық жағдай мәселелерін шешуге қолдау көрсету.
• Балабақша тапшылығын азайту және мектепке дейінгі тәрбиенің қолжетімділігін арттыру.
• Ауыл мектептерінде интернет сапасын жақсарту және заманауи цифрлық білім беру мүмкіндіктерін кеңейту.
• Дарынды және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларды қолдау.
• Мектеп бітіруші түлектердің кәсіптік білім алуына және жұмысқа орналасуына жағдай жасау.

2. Денсаулық сақтау саласын жетілдіру

• Ауылдық елді мекендердегі медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру.

3. Әлеуметтік осал топтарды қолдау

• Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыруға ықпал ету.
• Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық ортаға толыққанды араласуына жағдай жасау.
• Мүгедектігі бар адамдар үшін ғимараттар мен қоғамдық орындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін көтеру.
• Жалғызбасты қарттар мен күтімді қажет ететін азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуді жетілдіру.
• Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қолдау көрсету.
• Тұрмыстық қиын жағдайға тап болған отбасыларға кешенді көмек көрсету тетіктерін дамыту.

4. Жастар саясаты және жұмыспен қамту

• Жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламаларды қолдау.
• Жас мамандардың ауылдық жерлерде тұрақтап қалуына жағдай жасау.
• Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету.
• NEET санатындағы жастармен жұмыс- ты күшейту.
• Жастарға арналған спорттық, мәдени және шығармашылық нысандардың қолжетімділігін арттыру.
• Жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін тиісті органдар алдында көтеру.

5. Отбасы институтын нығайту және ана мен баланы қорғау

• Жас отбасыларды қолдаудың өңірлік тетіктерін жетілдіру.
• Ана мен балаға көрсетілетін әлеуметтік және медициналық көмектің сапасын арттыру.
• Балаларға арналған қосымша білім беру, үйірмелер мен секциялардың қолжетімділігін кеңейту.
• Отбасылық құндылықтарды насихаттау және ажырасудың алдын алу бағытындағы жобаларды қолдау.
• Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық және құқықтық көмек көрсетуді дамыту.
• Әйелдердің жұмыспен қамтылуына және кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасау.
• Халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін ескере отырып, облыстық бюджеттің басым бағыттарын қалыптастыруға ұсыныстар енгізу.

Негізгі ұстанымдарым мен басымдықтарым:

Әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартуға, тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталған игі бастамалардың орындалуын қадағалаймын.
Адалдық пен ашықтық: Халықтың игілігі үшін қызмет етуді абыройлы міндетім деп білемін. Әрқашан халықпен бірге боламын.
Ұлттық рух және ұрпақ тәрбиесі: Өңірдің тарихына құрметпен қарап, ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған шараларды қолдаймын.
Заң мен әділдік: Қоғамда әділдік пен заңдылық қағидаттарының сақталуына, әрбір тұрғынның мүддесі қорғалуына өз үлесімді қосамын.

Тапсырыс беруші: №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Стамкулова Е.А.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан
жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.