Сөзден – іске! — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Сөзден – іске!

18

№18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Камбаров Гани Шораевич

Өмірбаяным

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Камбаров Гани Шораевич, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Алға ауылында дүниеге келдім. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникация академиясын бітірдім. Мамандығым – жол қозғалысын басқару.
Еңбек жолымды 2000 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шу машиналандырылған жол дистанциясы» филиалында машинист көмекшісі болып бастадым. 2001-2006 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шу машиналандырылған жол дистанциясы» филиалында машинист, шебер, өндірістік телім бастығы, директор орынбасары қызметін атқардым. 2006-2020 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шу машиналандырылған жол дистанциясы» филиалының директоры болдым. 2023-2024 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шу машиналандырылған жол дистанция- сы» филиалында машинист, 2024-2025 жылдары Астана қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистралдық желі басқармасында бас менеджер болып қызмет атқардым.
2025 жылдан бастап, кәзіргі кезге дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шу машиналандырылған жол дистанциясы» филиалының директоры болып жұмыс істеймін.
Ауданның дамуы халықты күнделікті толғандыратын мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары және балаларымыздың болашағы.
Әрбір елді мекенге тиісті көңіл бөлініп, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайы жасалуға тиіс деп сенемін. Мен үшін әділдік пен халық алдындағы жауапкершіліктің мәні осында.
Бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назарда қордаланған мәселелерді шешумен қатар, ауыл кәсіпкерлігін дамыту, еңбек адамын қолдау, жастарға мүмкіндік жасау және туған жерді сақтау міндеттері тұр.
Міндеттемелерімнің негізінде нақты міндеттер, нысандар мен мерзімдер жатыр. Олардың даму жоспарлары мен аудандық бюджетте ескерілуіне қол жеткізіп, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап, тұрғындар алдында ашық есеп беремін. Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі — халықтың өміріндегі нақты өзгерістер.

Сайлауалды бағдарлама

2026-2031 жылдарға арналған нақты міндеттемелер

1. Жолдар мен көлік

2027 жылы Шу қаласының Жиренше шешен, Туран, Жайық,Төлебаев, Қарасу көшелерне орташа жөндеу жұмыстарына қол жеткізу. Аудандағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз етуге және жолдарды сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.

2. Сумен және электрмен жабдықтау, коммуналдық инфрақұрылым

Шу қаласының сумен жабдықтау мәселелерін шешуге, тозған инженерлік желілерді жөндеуге қол жеткізу. Шу қаласының, ауданның ауылдық елді мекендерін электр энергия- сымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу. Шоқпар, Далақайнар,Балуан Шолақ, Бөлтірік, Бәйдібек ауылдарына табиғи газ тарту.

3. Қолжетімді несие және ауыл кәсіпкерлігін дамыту

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауданның ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруа- шылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.

4. Ауыл шаруашылығын қолдау

Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және тозығы жеткен каналдардың жөндеуден өткізуді қолға алу. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың мүддесін қорғау, жаңа технологияларды қолдану арқылы суармалы егістік жерлердің үлесін ұлғайту.

5. Жаңа жұмыс орындары және ауыл тұрғындарының табысы

Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.
6. Қолжетімді әрі сапалы медицина

Аудандық аурухананың және ауылдық дәрігерлік амбулатория, медпункттардың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен ауылға» жобасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы медицина кадрларын тартуды қолдау.

7. Заманауи мектептер және балаларға қолайлы жағдай

Ауданның орта мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, білім беру ұйымдарына баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. 2027 жылы Шу қаласы мен ауданның елді мекендеріне балалар және спорт алаңдарын дамытуға басымдық беру.

8. Әлеуметтік қорғау және отбасыларды қолдау

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеу- меттік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

9. Сапалы байланыс пен интернет

Ауданның елдң мекендерінде ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қыз- меттердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

10. Таза әрі абаттандырылған ауылдар

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Шу қаласы мен ауданның елді мекендеріндегі көшелерін абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз! Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын! Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!

Тапсырыс беруші: № 18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Камбаров Г.Ш.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.