Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз! — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз!

39

№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Абдыкулов Кайрат Сатбаевич

Өмірбаяным

Құрметті жерлестер!

Мен, Абдыкулов Кайрат Сатбаевич, 1965 жылы 23 мамырда Жамбыл облысының Қаратау қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келдім.

1972-1982 жылдары Свердлов ауданы Михайловка ауылындағы КазССР 40 жылдық атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік медицина институты, емдеу факультетіне оқуға түсіп, 1988 жылы дәрігер мамандығы бойынша бітірдім.

2010 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтадым.

 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдадым.

1988-1989 жылдары Жамбыл облыстық ауруханасының базасында хирургиялық бөлімшеде интернатурадан өттім.

1989-1995 жылдар аралығында Свердлов аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде дәрігер-хирург болып жұмыс істедім.

1995 жылдан 1997 жылға дейін Жамбыл облысының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі шаруашылық есеп бірлестігі бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

1997 жылдан 2006 жылға дейін Жамбыл облыстық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің хирург-дәрігері болдым.

2006 жылғы 23 қаңтарда Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының департаменті Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығының бас дәрігері лауазымына тағайындадым.

 2019 жылы 1 маусымда «Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы» ЖШС-нің бас директоры лауазымына тағайындалдым.

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысамын. 2019 жылдан бері «Uniserv» компаниясы тобының экономика және денсаулық сақтау мәселелері бойынша жетекшілік ететін Бақылау кеңесінің мүшесімін.  «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатым бар.

Отбасылымын, үш бала тәрбиелеудемін.

 Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары: 

Құрметті сайлаушылар!

  1. Әділетті мемлекет – өркендеген қоғам
  2. Азық-түлік қауіпсіздігі мен қолжетімді бағалар – тұрақтылық негізі
  3. Сенімді инфрақұрылым – өңірлерді дамыту кілті
  4. Әділетті әлеуметтік саясат – өмір сапасының кепілі
  5. Білім мен ғылым – болашаққа бастар жол
  6. Дәстүрлі отбасы саясаты – мемлекет іргетасы
  7. Экология – тұрақты даму кепілі

Биылғы жыл еліміздің тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болды. Тәуелсіздігімізге 35 жыл толды. Жаңа Конституциямыз қабылданды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі жаңғырып, жаңа билік институттары құрылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауы еліміздің болашақ даму бағытын айқындап берді. Бұл – бүгінгі ел алдында тұрған міндеттерді шешу ғана емес, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

«Ауыл» партиясы үшін Жолдауда айқындалған басымдықтар – алдағы жұмыстың басты бағыттары.

Мен ауданның дамуы үшін  7 басымдық ұсынамын:

1.     Әділетті мемлекет – өркендеген қоғам

«Заң мен тәртіп» қағидатына бағына отырып, адал еңбек ету арқылы төмендегі мақсаттарымызға қол жеткізуді көздеймін:

1) азаматтардың қауіпсіздігін арттыру бойынша, оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу;

2) өңір тұрғындарының өмір сүру сапасына кері әсер ететін мәселелер бойынша  шешімдер қабылдауға белсене қатысу;

3) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ілгерілету.

2. Азық-түлік қауіпсіздігі мен қолжетімді бағалар – тұрақтылық негізі

Сапалы отандық өнімнің әрбір азаматқа қолжетімді болуын және өңір өндірушілерінің еңбегі лайықты бағалануын жақтай отырып, төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:

1) өнім өндіру, өңдеу және өткізудегі күш-жігерді біріктіру үшін,  тауар өндірушілер кооперациясын дамытуға жәрдемдесу;

2) мемлекеттік қолдауды шынымен өнім өндіретін және жұмыс орындарын құратын адамдарға бағыттау;

3) өңірдегі өнім өндірушілердің мүдделерін қорғау;

4) ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға бағытталған жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсету.

3. Сенімді инфрақұрылым – өңірлерді дамыту кілті

 Өңірде кешенді дамыту саясатын қолдай отырып, төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:

  • жергілікті деңгейдегі барлық жолдардың сапалы салынуын тұрақты түрде бақылауда ұстау;
  • су ресурстарының тапшылығын болдырмау мақсатында тиімді және үнемдеп пайдалану қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • “Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы” аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарының құрылыстарына жеткілікті қаржы бөлінуіне ықпал ету;

6)  барлық инфрақұрылымдық жобаларға қоғамдық бақылау орнату.

4. Әділетті әлеуметтік саясат – өмір сапасының кепілі

Әр азаматқа лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін, отбасы әл-ауқатын нығайтатын және қала мен ауыл тұрғындары үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыратын әлеуметтік саясатты қолдай отырып,  төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:

1) өңірдің экономикасының әртүрлі салаларында жұмыс істейтін қызмет көрсету және өндірістік персоналдың еңбек жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;

2) тұрғылықты жеріне қарамастан мүгедектігі бар азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтылуына және қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға қолдау көрсету;

3) барлық ауылдардағы денсаулық сақтау ұйымдарының қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал ету;

4) коммуналдық қызметтер саласындағы тариф белгілеудің ашықтығы мен әділдігін арттыруға бағытталған шараларға,  оның ішінде тарифтердің өсуіне қоғамдық бақылау жасау;

5) ардагерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларға қолдау көрсету.

5. Білім мен ғылым – болашаққа бастар жол

Қазіргі заманның басты қуаты — білім мен ғылымда, озық инновацияларда.

Осыған орай төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:

1) ауылдық квота бойынша оқу бітірген түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету;

2) қолжетімді оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру арқылы егде жастағы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға жәрдемдесу;

6. Дәстүрлі отбасы саясаты – мемлекет іргетасы

Аға буынға құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, жастардың өз қабілетін іске асыруына жағдай жасау және әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға қолдау көрсете отырып, төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:

1) отбасының рөлін белсенді түрде нығайту және адал еңбекті құрметтеу мәдениетін қалыптастыру бағытында іс-шаралар ұйымдастыру;

2) отбасындағы зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын жүргізу, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездіктің кез келген түрі үшін қатаң жауапкершілікке тартылуын қадағалау;

3)  отбасылық еңбек әулеттерінің беделін арттыруға қатысты іс-шаралар ұйымдастыру;

4) әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдау;

5) жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға тең мүмкіндіктер жасалуына қозғау салу.

7. Экология – тұрақты даму кепілі

 Жасыл аймақтарды дамыту және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту бағыттында:  саябақтар мен гүлзарлар құру, көгалдандыру, жасыл аймақтарды құрылыстан қорғау және абаттандыру іс-шараларын іске асыру. Менің бағдарламам — өңірді дамытуға бағытталған нақты қадам. Баршаңызды «ауыл» партиясын қолдауға шақырамын!

Тапсырыс беруші: № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Абдыкулов К.С.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.